+428 бонус

ЭПЛЕРЕНОН-ТЕВА 50мг №30 таб

8570 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эплеренон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Teva Pharmaceutical Industries LTD
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – тиісінше 25,0 мг немесе 50,0 мг эплеренон, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон А типі, натрий лаурилсульфаты, тальк (Е 553b), магний стеараты қабықтың құрамы: Opadry II Orange 85F23987- поливинил спирті (Е 1203), титанның қостотығы (E 171), макрогол 3350 (Е 1521), тальк (Е 553 b), темірдің сары тотығы (E 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172).
Қолданылуы
- жақын арада болған миокард инфарктісінен кейін жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері және сол жақ қарыншаның дисфункциясы (лықсу фракциясы <40 %) бар науқастарда жүрек-қантамыр ауруларының және өлім жағдайының даму қаупін төмендету мақсатында бета-адреноблокаторларды қолдануды қоса, стандартты емге қосымша дәрі ретінде; - NYHA бойынша ІІ класқа жататын жүректің созылмалы жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясы (лықсу фракциясы <30 %) бар ересек науқастарда жүрек-қантамыр ауруларының және өлім жағдайының даму қаупін төмендету мақсатында стандартты тиімді емге қосымша дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық - емнің басында қандағы калий деңгейі > 5,0 ммоль/л - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ минутына 1,73 м2-не <30 мл) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) - калий жинақтаушы диуретиктерді, калий препараттарын немесе CYP3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, итраконазол, кетоконазол, ритонавир, нелфинавир, кларитромицин, телитромицин және нефазодон) бір мезгілде қолдану - галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы - ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен (АӨФ) және ангиотензин II рецепторлары блокаторының Эплеренон-Тевамен біріктірілімдері
Дозасы
Дозаны жекелей таңдау үшін 25 және 50 мг дозалар пайдаланылуы мүмкін. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 50 мг. Таяуда жүрек жеткіліксіздігімен миокард инфарктісін өткерген пациенттер үшін Препараттың ұсынылған демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Қан сарысуындағы калий деңгейін ескере отырып, емді тәулігіне 1 рет 25 мг дозадан бастап, 4 апта бойы тәулігіне 1 рет 50 мг дозаға дейін титрлеу керек (1-кестені қараңыз). Препаратпен емдеуді жедел миокард инфарктісінен кейін 3-14 күн ішінде бастау мақсатқа сай. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II класс) бар пациенттер үшін Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II класс) бар пациенттерді емдеуді қандағы калий деңгейін бақылаумен тәулігіне бір рет 25 мг дозадан бастап, 4 апта бойы тәулігіне 50 мг мақсатты дозаға дейін біртіндеп арттыру керек (1-кестені қараңыз). Қан сарысуындағы калий концентрациясы >5,0 ммоль/л құрайтын пациенттерге эплеренон препаратымен емді бастамаған жөн. Қан плазмасындағы калий деңгейін препаратты тағайындағанға дейін ем басталғаннан кейін 1 апта ішінде және 1 айдан соң немесе препарат дозасы өзгерген кезде анықтау керек. Әрі қарай қандағы калий деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау қажет. Ем басталғаннан кейін дозаны 1-кестеде көрсетілгендей қандағы калий деңгейін ескере отырып түзету керек. 1-кесте Емдеу басталғаннан кейін дозаны таңдау

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.