+545 бонус

ЭПИГЕН ИНТИМ 0,1% 60 мл спрей

10900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Хеминова Интернасьональ С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында белсенді зат - 0,10 мг глицирризин қышқылы (аммоний глицирризинаты түрінде) қосымша заттар: алма қышқылы, фумар қышқылы, аскорбин қышқылы, фолий қышқылы, твин-80 (полисорбат –80), пропиленгликоль, тазартылған су.
Қолданылуы
- қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекция (жедел бастапқы және қайталанатын ағым); - герпес вирусты инфекцияның қайталануының алдын алу; Варицелла Зостер вирусынан туындаған белдемелі теміреткіні емдеу (біріктірілген ем құрамында); - адам папилломасы вирусының әртүрлі түрлерінен (соның ішінде онкогендерден) туындаған папилломавирустық инфекцияны емдеу; - спецификалы емес колпит пен вагинозды емдеу, қынап микрофлорасын қалыпқа келтіру; - қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде инфекциялардың алдын алу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектерге Сыртқа қолданған кезде препарат терінің барлық зақымданған бетіне клапанды 1-2 басу арқылы 4-5 см қашықтықтан жағылады, бұл оңтайлы емдік доза болып табылады. 1 типті герпесвирустық инфекция, белдемелі теміреткі кезінде препаратты зақымдану ошағына күніне 6 рет 5 күн бойы қолдану ұсынылады. Инфекциялық процестің тоқтаусыз ағымы кезінде емдеу мерзімі ауру симптомдары толық жойылғанша ұзартылады. 2-типті герпевирустық инфекция (гениталии герпесі), цитомегаловирустық инфекция кезінде күніне 5 рет 14 күнбойы сыртқа және интравагинальді, қайталануды тоқтатқаннан кейін тәулігіне 3 рет 10 күн бойы қолдану ұсынылады. Гениталии герпесінің және цитомегаловирустық инфекцияның қайталануының алдын алу мақсатында препаратты етеккір циклінің 18-20 күнінен бастап менструация аяқталғанға дейін күніне 2 рет таңертең және кешке сыртқа және интравагинальді қолдану ұсынылады. Папилломавирустық инфекция кезінде препаратты қолдану ұсынылады: - кондилома жойылғанға дейін – этиотропты терапияның барлық кезеңі ішінде тәулігіне 3 рет; - деструкция аясында - 10 күн бойы тәулігіне 5 рет және толық сауыққанға дейін; - жақын арада қайталанудың алдын алу үшін күніне 3 рет 1 ай бойы. Папилломавирустық инфекцияның өршуінің алдын алу үшін жыныстық қатынасқа дейін және одан кейін, сондай - ақ қоздырғыш факторлар (стресс, шамадан тыс шаршау, респираторлық вирустық инфекциялар, микрофлораның бұзылуы, антибиотиктерді, цитостатиктерді қабылдау) пайда болған кезде - қоздырғыш факторлардың әсер ету кезеңінде күніне 3 рет интравагинальді және сыртқа қолдану ұсынылады. Бактериялық вагиноз, спецификалық емес вульвовагинит және кандидозды вульвовагинит кезінде: препаратты интравагинальді түрде күніне 3-4 рет 7-10 күн бойы қолдану ұсынылады. Қажет болса, емдеу курсын 10 күннен кейін қайталаңыз. Егер қоздырғыш факторлар пайда болса (респираторлық вирустық инфекциялар, антибиотиктерді, цитостатиктерді қабылдау) - қоздырғыш факторлардың әсер ету кезеңінде күніне 3 рет интравагинальді және сыртқа. Вирусқа қарсы профилактикалық зат ретінде препаратты жыныстық қатынасқа дейін және одан кейін қолдану ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа, интравагинальді және интрауретралық. Қолданар алдында баллонды шайқау керек. Қолдану кезінде баллонды тік қалыпта ұстау керек. Препаратты қынап ішіне қолдану үшін бүріккіші бар арнайы қондырғы ұсынылады. Клапанды пульверизатор баллоннан алыңыз және қондырғының клапанын кигізіңіз. Содан соң қондырғыны қынапқа енгізіп, қондырғының клапанын 1- 2 рет басып бүркіп шашады, бұл оңтайлы емдік доза болып табылады. Еркектерге қолдану кезінде, сыртқа жаққаннан басқа, препарат несеп шығару каналының сыртқы тесіктеріне 0,5-1 см қашықтықта пульверизатор клапанын 1-2 рет басып шашыратады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.