+172 бонус

ЭПАМОР 20мг/2мл №5 ампул

3450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Апоморфин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 10 мг апоморфин гидрохлориді (гемигидраты)1 қосымша заттар: натрий метабисульфиті, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су 1 Мөлшері пайызбен мөлшерін ескере отырып, белсенді субстанцияға қайта есептеледі
Қолданылуы
- Паркинсон ауруы бар пациенттерде қимыл ауытқуларын емдеу ("қосу-сөну" феномені), Паркинсон ауруын пероральді дәрілермен емдеу тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық тыныс алу жеткіліксіздігі, деменция, психоз немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды леводопаға «қосу» реакциясы дамыған кезде, бұл ауыр қозғалыс бұзылыстарымен немесе дистониямен асқынады балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Апоморфинмен емдеу үшін іріктелген пациенттер өзінде басталып келе жатқан "сөну" симптомдарын танып, өзіне өзі инъекция жасай алуы тиіс немесе онымен бірге пациенттің күтіміне жауапты, қажет болған жағдайда инъекция жасай алатын адам болуы тиіс. Апоморфин қабылдайтын пациенттерге, әдетте, ем басталғанға дейін кемінде екі күн бұрын күніне үш рет 20 мг дозада домперидонды қабылдауды бастау қажет. Домперидон дозасы ең төменгі тиімді дозаға дейін титрленуі тиіс және қолданылуы мүмкіндігінше тезірек тоқтатылуы тиіс. Апоморфинмен емдеуді мамандандырылған клиникада бақыланатын ортада бастау керек. Пациент Паркинсон ауруын емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің (мысалы, невролог) бақылауында болуы керек. Леводопамен (дофамин агонистерімен немесе оларсыз) пациенттерді емдеу апоморфинмен емдеуді бастағанға дейін оңтайландырылуы керек. Енгізу әдісі мен жолы Ересек пациенттерде Қолдану тәсілі. Эпамор инъекцияға арналған ерітінді немесе тері астына үзік-үзік сорғалатып (болюсті) енгізу үшін инфузия түрінде қолданылады. Ерітінді мини-сорғының және/немесе шприцті помпаның көмегімен тері астына инфузия арқылы да үздіксіз енгізілуі мүмкін. Шекті дозасын анықтау. Әрбір пациент үшін тиісті доза көбейіп келе жатқан дозалау жолымен белгіленеді. Келесі график ұсынылады: 1 мг Эпамор (0,1 мл), яғни шамамен 15-20 мкг/кг гипокинетикалық фаза ("өшу" кезеңі) кезінде тері астына енгізіледі, содан кейін пациентті 30 минут бойы қимыл реакциясын анықтау үшін бақылау керек. Егер реакция байқалмаса немесе ол жеткіліксіз болса, тері астына 2 мг Эпамор (0,2 мл) түріндегі екінші доза енгізіледі, содан кейін пациентті тағы да 30 минут бойы қозғалыс реакциясын анықтау үшін бақылау керек. Қанағаттанарлық қозғалыс реакциясын алғанға дейін инъекциялар арасында кемінде 40 минуттық интервалдан соң препараттың дозасын арттыруға болады. Емдеудің басталуы. Тиісті дозаны анықтағаннан кейін "өшу"кезеңі басталуының алғашқы белгілерінде іштің төменгі бөлігіне немесе жамбастың сыртқы бөлігіне тері астына бір инъекция жасалады. Сіңірілу деңгейі бір адамның инъекция орнына байланысты өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Тиісінше, емдеуге реакция сапасын бағалау үшін пациентті келесі сағат ішінде бақылау керек. Дозаны түзету пациенттің реакциясына сәйкес жүргізілуі мүмкін. Эпамордың оңтайлы дозасы әртүрлі пациенттерде әртүрлі болады, бірақ оны белгілегеннен кейін доза әр пациент үшін салыстырмалы түрде тұрақты болып қалады. Емдеуді жалғастыру кезіндегі сақтандыру шаралары. Эпамордың тәуліктік дозасы әртүрлі пациенттерде ауқымды өзгеріп отырады, әдетте 1-10 инъекция түрінде 3-30 мг шегінде, кейде күніне 12 жеке инъекцияға дейін. Эпамордың жалпы тәуліктік дозасы 100 мг аспауы және жеке болюстік инъекциялар 10 мг аспауы ұсынылады. Клиникалық зерттеулерде әдетте леводопаның дозасын біршама төмендету мүмкіндігі пайда болды; бұл әсер әртүрлі пациенттерде айтарлықтай өзгеріп тұрады және тәжірибелі дәрігердің мұқият қадағалауын қажет етеді. Емдеу басталғаннан кейін кейбір пациенттерде домперидонмен емдеу көлемі біртіндеп төмендеуі мүмкін, бірақ бұл емді тек жекелеген жағдайларда, құсу немесе гипотония болмаған кезде тоқтатуға болады. Үздіксіз инфузия. Эпамор терапиясының бастапқы кезеңінде "қосу" кезінде жақсы реакция көрсеткен, бірақ тоқтап-тоқтап инъекциялар жасаған кезде жалпы бақылау қанағаттанарлықсыз болып қалған немесе көптеген жиі инъекцияларды қажет ететін (күніне 10-нан астам) пациенттер емді мини-сорғымен және/немесе шприц сорғысымен тері астына үзік-үзік инфузиялау түрінде бастай алады (немесе осы әдіске ауыстырылуы мүмкін): Үздіксіз инфузия сағатына 1 мг Эпамор (0,1 мл) жылдамдығымен басталады, содан кейін жеке реакцияға сәйкес артады. Инфузия жылдамдығын арттыру кемінде 4 сағат аралықпен 0,5 мг/сағ аспауы тиіс. Инфузияның сағаттық жылдамдығы 1 мг-ден 4 мг-ға дейін (0,1 мл және 0,4 мл) өзгеруі мүмкін, бұл 0,015-0,06 мг/кг/сағатқа баламалы. Инфузия тек тәуліктің белсенді уақытында жүргізілуі тиіс. Егер пациент түнде елеулі проблемаларды сезінбесе, тәулік бойы инфузия ұсынылмайды. Емге төзімділік ем графигінде кемінде 4 сағат бойы инфузия жүргізілмейтін түнгі кезең болғанға дейін туындамайды. Қалай болғанда да, инфузия орнын әр 12 сағат сайын өзгерту керек. Қажет болған жағдайда және емдеуші дәрігердің нұсқауларына сәйкес мерзімді болюстік стимуляциялардың көмегімен үздіксіз инфузияны күшейту қажеттілігі туындауы мүмкін. Үздіксіз инфузия кезінде басқа дофамин агонистерінің дозасын азайту мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер. Инъекцияға немесе инфузияға арналған 10 мг/мл дозадағы Эпамор ерітіндісі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттердің көп бөлігін құрайтын және апоморфиннің клиникалық зерттеулеріне қатысқан пациенттердің едәуір бөлігін құрайтын. Ортостаздық гипотония қаупіне байланысты егде жастағы пациенттерге емнің бастапқы кезеңінде ерекше сақтық таныту ұсынылады. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі диагнозы қойылған пациенттерді емдеу кезінде ересектер мен егде пациенттер үшін ұсынылған дозалау кестесіне сай сақтау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.