+197 бонус

ЭНТЕРОЖЕРМИНА ФОРТЕ 4 млрд/5 мл №5 фл

3940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антидиарейные микроорганизмы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Opella Healthcare Italy S.r.l.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл құтының ішінде белсенді зат - 4 млрд антибиотиктерге полирезистентті Bacillus clausii споралары, қосымша зат - тазартылған су.
Қолданылуы
- ішек микрофлорасы бұзылулары мен одан кейінгі эндогенді авитаминозды емдеу және профилактика - антибиотиктермен немесе химиотерапиямен емдеу нәтижесінде өзгерген ішек микрофлорасын қалпына келтіруге арналған қосымша ем - ішек дисбактериозы (дисмикробиозы) және авитаминоз туындатқан емшек еметін жастағы балаларды қоса алғанда, балалардағы жедел немесе созылмалы асқазан-ішек бұзылыстарында
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер: күніне 1 құты. Балаларға, өмірінің 4 аптасынан бастап емшек еметін жастағы балаларды қоса алғанда: күніне 1 құты. Енгізу әдісі мен жолы Ішуге арналған Құты ішіндегісін сұйылтпай немесе сумен немесе басқа сусындармен (мысалы, сүтте, шайда, апельсин шырынында) сұйылтып қабылдайды. Бұл препарат тек ішуге арналған. Парентеральді енгізуге және басқа тәсілмен қолдануға болмайды! Суспензияның ластануын болдырмас үшін дәрілік зат бірден пайдаланылуы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы дәрігермен жекелей анықталады. Қолдану көрсетіліміне байланысты емдеудің келесі ұзақтығы ұсынылады: - ішек микрофлорасының бұзылуы мен одан кейінгі эндогенді (салдарлы) авитаминозды (ішекте дәрумендер сіңуі мен қорытылуының бұзылуын салдарынан) емдеу: 5-7 күн жедел диарея кезінде, 30 күнге дейінгі созылмалы диарея кезінде; - бактерияға қарсы ем кезіндегі ішек микрофлорасы бұзылуларының және кейінгі эндогенді авитаминоз профилактикасы: антибиотиктермен емдеу кезінде және антибиотиктермен емдеу аяқталған соң 1 аптаға дейін - антибиотиктермен немесе химиотерапиямен емдеу кезінде өзгерген ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қосымша емдеу: антибиотиктермен емдеу кезінде және антибиотиктермен емдеу аяқталғаннан кейін 1 аптаға дейін; - уланумен немесе ішек дисбактериозымен (дисмикробиозбен) және авитаминозбен байланысты емшек еметін жастағы балаларды қоса алғанда, ересектер мен балаларда жедел асқазан-ішек бұзылуларын емдеу: 5-7 күнге дейін жедел диарея; - уланумен немесе ішек дисбактериозы (дисмикробиозбен) және авитаминоз тудырған емшек еметін жастағы балаларды қоса алғанда ересектер мен балалардағы созылмалы асқазан-ішек бұзылыстарын емдеу: 30 күнге дейінгі созылмалы диарея.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.