+230 бонус

ЭНТЕРОЖЕРМИНА №12 капс Сахаромицеты

9:00-ден кейін қолжетімді
4600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Антидиарейные микроорганизмы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Опелла Хелскеа Италия С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - антибиотиктерге полирезистентті Bacillus clausii споралары, 2 млрд қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, желатин, титанның қостотығы (Е171), тазартылған су
Қолданылуы
Энтерожермина® капсулалары ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға арналған: - ішек микрофлорасы бұзылулары мен одан кейінгі эндогенді авитаминозды емдеу және профилактика - антибиотиктермен немесе химиотерапиямен емдеу нәтижесінде өзгерген ішек микрофлорасын қалпына келтіруге арналған қосымша ем - улану немесе ішек дисбактериозымен (дисмикробиозбен) және авитаминозбен байланысты ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы жедел немесе созылмалы асқазан-ішек бұзылыстары
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
6 жастан асқан балаларға: 1 капсуладан күніне 1 немесе 2 рет. Ересектерге: 1 капсуладан күніне 2 немесе 3 рет. Енгізу әдісі мен жолы Капсулаларды аз мөлшердегі сумен немесе басқа сусынмен іше отырып бүтіндей жұтып қабылдау керек. Энтерожермина® капсулаларын сәбилер және 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды (өйткені олар капсуланы жұта алмайды). Бұл препарат тек пероральді қабылдауға арналған. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы дәрігермен жекелей анықталады. Қолдану көрсетіліміне байланысты емдеудің келесі ұзақтығы ұсынылады: - ішек микрофлорасы бұзылулары мен одан кейінгі эндогенді авитаминозды емдеу: жедел диарея кезінде 5-7 күн, созылмалы диарея кезінде 30 күнге дейін; - бактерияға қарсы ем кезіндегі ішек микрофлорасы бұзылуларының және кейінгі эндогенді авитаминоз профилактикасы: антибиотиктермен емдеу кезінде және антибиотиктермен емдеу аяқталған соң 1 аптаға дейін; - антибиотиктермен немесе химиотерапиямен емдеу кезінде өзгерген ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қосымша емдеу: антибиотиктермен емдеу кезінде және антибиотиктермен емдеу аяқталғаннан кейін 1 аптаға дейін; - улану немесе ішек дисбактериозымен (дисмикробиозбен) және авитаминозбен байланысты ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы жедел асқазан-ішек бұзылыстарын емдеу: жедел диарея 5-7 күн; - улану немесе ішек дисбактериозымен (дисмикробиозбен) және авитаминозбен байланысты ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы созылмалы асқазан-ішек бұзылыстарын емдеу: созылмалы диарея 30 күнге дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.