+282 бонус

ЭНТЕРОСГЕЛЬ 225 г паста

5650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кишечные адсорбенты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г препараттың құрамында белсенді зат - полиметилсилоксан полигидраты (дозаға тәуелсіз поликонденсация өнімі 1, 1, 3, 3 – тетрагидрокси -1,3-диметилдисилоксан полигидраты) 70 г, қосымша зат - 30 г тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерде детоксикациялық дәрі ретінде: шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы уыттанулар; күшті әсер ететін және улы заттармен, оның ішінде, дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен жедел улану; жедел ішек инфекцияларында кешенді ем құрамында; айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-сепсистік аурулар, кешенді ем құрамында; тағамға және дәріге аллергия; гипербилирубинемия (вирустық гепатиттер) және гиперазотемия (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі); зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларға созылмалы уыттану профилактикасы мақсатында (политропты әсер ететін химиялық агенттермен кәсіби, ксенобиотиктермен, бір құрамға бірлестірілген радионуклидтермен, қорғасын, сынап, мышьяк қосылыстарымен, мұнай өнімдерімен, органикалық еріткіштермен, азот тотықтарымен, көміртегімен, фторидтермен, ауыр металл тұздарымен уыттануда).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ішек атониясы - ішек бітелісі - әйелдерге жүктілік және лактация кезінде - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Ересектерге ұсынылған доза - 15 г - 22,5 г (1 - 1,5 ас қасық) тәулігіне 3 рет. Тәуліктік дозасы 45 г - 67,5 г. Созылмалы уыттанулар  профилактикасы үшін – күніне 2 рет айсайын 7-10 күн бойы 22,5 г-ден. Енгізу әдісі мен жолы Ішке тағам немесе басқа дәрілерді қабылдау алдында 1-2 сағат бұрын немесе одан кейін, сумен іше отырып қабылдайды. Препараттың қабылдауға қажет мөлшерін бөлме температурасындағы стақандағы судың үш есе артық көлемімен араластырып немесе сумен іше отырып ішке қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ауыр уыттанулар кезінде алғаш үш тәулік бойы препарат дозасын екі есе ұлғайтуға болады. Емдеу ұзақтығы Жедел улануда емдеу ұзақтығы - 3-5 тәулік, ал созылмалы уыттануларда және аллергиялық жағдайларда - 2-3 апта. Қайталау курсы дәрігердің ұсынысы бойынша.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.