+225 бонус

ЭНОКС 6000 АНТИ-ХА МЕ/0.6МЛ №2 ШПРИЦЫ

9:00-ден кейін қолжетімді
4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Иляч Санайи ве Тиджарет
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір шприц ішінде белсенді зат – натрий эноксапарині 40 мг (4000 анти-Ха ХБ/0,4 мл доза үшін), 60 мг (6000 анти-Ха ХБ/0,6 мл доза үшін), 80 мг (8000 анти-Ха ХБ/0,8 мл доза үшін) қосымша зат – инъекцияға арналған су. Натрий эноксапаринін шошқа ішегінің шырышты қабығынан алынған гепариннің бензил эфирін сілтілік деполимеризациялау жолымен алады.
Қолданылуы
- орташа немесе жоғары қаупі бар, атап айтқанда, онкологиялық ауру себебінен операцияны қоса, ортопедиялық немесе жалпы хирургиялық операция жасалған пациенттерде хирургиялық араласулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы - жедел ауруы бар терапиялық пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы, төмендегілер сияқты: жедел жүрек жеткіліксіздігі жедел тыныс алу жеткіліксіздігі ауыр инфекциялық немесе ревматизмдік аурулар вена тромбоэмболиясының жоғары қаупі кезінде қимыл-қозғалыс шектелуі - терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, тромболизистік терапия немесе хирургиялық араласу қажет болатын ӨАТЭ жағдайларынан басқа - гемодиализ кезіндегі жасанды қанайналымында тромб түзілуінің профилактикасы Жедел коронарлық синдромда: - тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз жедел миокард инфарктісін ацетилсалицил қышқылын пероральді қабылдаумен біріктірілімде емдеу - ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу, оның ішінде дәрі-дәрмектік немесе кейіннен тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) көмегімен емдеуге жататын пациенттерде
Қарсы көрсетілімдер
- эноксапаринге, гепаринге немесе төмен молекулалы гепариндердің (ТМГ) басқа түрлерін қоса, оның туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде соңғы 100 күн ішінде ауыр, иммунитетке байланысты гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның (ГИТ) болуы немесе айналымда антиденелер болғанда - белсенді клиникалық мәнді қан кетулер және қан кету қаупі жоғары басқа жай-күйлер, оның ішінде: таяуда өткерген геморрагиялық инсульт, асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімнің болуы, миға, омыртқаға таяуда жасалған хирургиялық операция немесе офтальмологиялық операция, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (немесе оған күмән болуы), туа біткен артерия-вена ақауы, тамырлар аневризмалары немесе ірі омыртқаішілік немесе миішілік тамырлар аномалиялары - натрий эноксапаринін алдыңғы 24 сағат бойы емдеуге қолдану кезіндегі жұлындық немесе эпидуральді анестезия немесе жергілікті аймақтық анестезия
Дозасы
Пациенттерде орташа немесе жоғары қауіпті хирургиялық араласулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы - Тромбоэмболия қаупі орташа пациенттерде ұсынылатын натрий эноксапаринінің дозасы тері астына тәулігіне бір рет 2 000 ХБ (20 мг) құрайды. Қауіптілігі орташа хирургиялық араласуларда 2 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапаринімен емнің операцияға дейін басталуының (хирургиялық араласудан 2 сағат бұрын) тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген. - Қаупі орташа пациенттерде натрий эноксапаринімен емдеуді сауығу статусына (қозғалыс функциясына) байланыссыз кемінде 7-10  күн бойы жалғастыру керек. Профилактиканы пациенттің қозғалыс белсенділігінде елеулі шектеу сақталып тұрғанға дейін жалғастыру қажет. - Тромбоэмболияның даму қаупі жоғары пациенттерге натрий эноксапаринінің ұсынылатын доза тері астына тәулігіне 1 рет 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, оны хирургиялық араласудан 12 сағат бұрын енгізген дұрыс. Натрий эноксапаринімен операцияға дейінгі профилактикалық емдеуді операцияға дейін 12 сағаттан ерте бастау қажет болған жағдайда (мысалы, кейінге қалдырылған ортопедиялық операцияны күткен жоғары қауіптегі пациент), соңғы инъекция операцияға 12 сағат қалған уақыттан кешіктірмей енгізілуі тиіс және инъекциялар операциядан кейін 12 сағаттан соң қайта жаңғыртылады. - Ауқымды ортопедиялық операция жасалған пациенттер үшін 5 аптаға дейін ұзартылған тромбопрофилактика ұсынылды. - Қатерлі жаңа түзілім себебінен құрсақ қуысы ағзаларына немесе жамбас мүшелеріне операция жасалған вена тромбоэмболиясының даму қаупі жоғары пациенттер үшін 4 аптаға дейін ұзартылған тромбоздар профилактикасы ұсынылды. Терапиялық пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы Натрий эноксапаринінің ұсынылған дозасы 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, тәулігіне 1 рет тері астына инъекция жолымен енгізіледі. Натрий эноксапаринімен емдеу сауығу статусына (қозғалыс функциясына) байланыссыз кемінде 6-14 күн қолданылады. Қазіргі таңда ұзақтығы 14 күннен астам профилактикалық емнің пайдасы туралы деректер жоқ. Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу Натрий эноксапарині тері астына тәулігіне бір рет 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) дозада немесе тәулігіне екі рет 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозада енгізіледі. Режимді дәрігер тромбоэмболиялық асқынулар қаупін және қан кету қаупін бағалауды қоса, әркімге жеке баға беру негізінде таңдауы тиіс. Вена тромбоэмболиясының қайталану қаупі төмен, асқынулары жоқ пациенттерге тәулігіне бір рет 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) доза қолдану керек. Семіздігі, симптоматикалық ӨАТЭ, қатерлі жаңа түзілімі, қайталанған вена тромбоэмболиясы немесе проксимальді тромбозы (мықын венасының тромбозы) бар пациенттер сияқты, басқа пациенттердің бәріне тәулігіне екі рет 100 ХБ/кг (1 мг/кг) доза қолдану керек. Емдеу ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс. Қажет болса, пероральді антикоагулянттық емді бастау керек («Натрий эноксапаринінен пероральді антикоагулянттарға ауысуды» қараңыз). Гемодиализ кезіндегі тромб түзілу профилактикасы Натрий эноксапаринінің ұсынылған дозасы 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды. Қан кетудің жоғары даму қаупімен гемодиализде жүрген пациенттерде доза 50 ХБ/кг (0.5 мг/кг) (тамыр арқылы қосарлы енгізу жолы) немесе 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) (тамыр арқылы дара енгізу жолы) дейін азайтылуы тиіс. Гемодиализ кезінде натрий эноксапаринін диализ сеансы басталғанда диализдік шунттың артериялық бөлігіне енгізеді. Бұл доза, әдетте, 4 сағатқа созылатын гемодиализ сеанстары үшін тиімді. Алайда, фибрин сақиналары анықталғанда, мысалы, әдеттегіден ұзағырақ сеанстан соң тағы да 50-100 ХБ/кг (0.5-1 мг/кг) дозаны қосымша енгізуге болады. Натрий эноксапаринін гемодиализ сеанстары кезінде де және профилактика немесе емдеу үшін қолданған пациенттер жөнінде деректер жоқ. Жедел коронарлық синдром: тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу және ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу Тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеуге тері астына антитромбоцитарлық еммен біріктірілімде тәулігіне екі рет 12 сағат аралықпен ұсынылатын доза 100 ХБ/кг (1 мг/кг) эноксапарин құрайды. Емдеуді кем дегенде 2 тәулік бойы демеп тұру және клиникалық тұрақтануға дейін жалғастыру керек. Емнің орташа ұзақтығы 2-ден 8 күнге дейінді құрайды. Қарсы көрсетілімдері жоқ пациенттердің бәріне бастапқы пероральді жүктеме 150-300 мг дозада (бұрын ацетилсалицил қышқылын алмаған пациенттерде) және емдеу стратегиясына байланыссыз, ұзақ мерзімге күніне 75-325 мг демеуші дозада ацетилсалицил қышқылымен емдеуді бастау ұсынылады. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеуге ұсынылатын натрий эноксапаринінің дозасы бір реттік венаішілік (IV) болюстік 3 000 ХБ (30 мг) дозасын, 100 ХБ/кг (1 мг/кг) теріастылық дозамен үйлесімдегі түрінде болады, одан кейін тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозаны әр 12 сағат сайын енгізеді (ең жоғарысы 10 000 ХБ (100 мг) алғашқы екі теріастылық дозалардың әрқайсысына). Қарсы көрсетілімдер болмаса, пероральді ацетилсалицил қышқылы түрінде (тәулігіне бір рет 75 мг-325 мг) бір мезгілде тиісті антитромбоцитарлық ем қолдану қажет. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы – 8 күн немесе ауруханаға 8 күннен аз жатқызылғанда пациенттің стационардан шығарылуына дейін. Тромболитикпен (фибриноспецификалық немесе фибриноспецификалық емес) бір мезгілде қолданғанда натрий эноксапаринін фибринолиздік ем басталардан 15 минут пен одан кейінгі 30 минут аралығында енгізу керек. -«Пациенттердің ерекше топтары» бөлімінен 75 жастан асқан пациенттердегі препараттың дозасы туралы ақпаратты қараңыз. -Тері арқылы коронарлық араласу жасалған пациенттер: - егер эноксапариннің тері астына салатын соңғы инъекциясы ангиопластикаға дейін 8 сағаттан аз уақыт бұрын енгізілсе, қосымша инъекция қажет емес, - егер тері астына соңғы инъекцияны салған сәттен ангиопластикаға дейін 8 сағаттан көп уақыт өтсе, 30 ХБ/кг (0.3 мг/кг) натрий эноксапаринін вена ішіне болюсті енгізу қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Натрий эноксапаринінің қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде анықталмаған. Егде жастағы пациенттер ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісінен басқа, барлық көрсетілімдер бойынша, бүйрек функциясы бұзылмаған жағдайда, егде жастағы пациенттерде дозаны азайту қажет емес. 75 жастан асқан егде жастағы пациенттерде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу үшін вена ішіне бастапқы болюсті инъекцияны енгізуге болмайды. 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) бастапқы доза әр 12 сағат сайын тері астына енгізілуі тиіс (тек алғашқы екі теріастылық доза үшін көп дегенде 7500 ХБ (75 мг), одан кейін қалған дозалар үшін тері астына 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) енгізіледі). Бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерге ұсынылатын дозасын төменнен «бүйрек жекіліксіздігі» бөлімінен қараңыз. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер шектеулі, сондықтан осы пациенттерде сақтық шарасын қадағалау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі Натрий эноксапарині бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы (креатинин клиренсі <15 мл/мин) пациенттерге, гемодиализ кезінде экстракорпоральді қанайналым барысында тромб түзілуінің профилактикасын қоспағанда, осы қауымдағы деректердің болмауына орай қолдануға ұсынылмайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі 15-30 мл/мин) пациенттер үшін препаратты дозалау кестесі:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.