+205 бонус

ЭНФЛУВИР пор.д/приг.сус. 12мг/мл 75 мл

4100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Осельтамивир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Атабай Илач Фабрика А.С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г ұнтақтың құрамында белсенді зат - 15.760 мг осельтамивир фосфаты (12.000 осельтамивирге баламалы) 1 мл дайын суспензия құрамында белсенді зат - 12 мг осельтамивир (концентрациясы 1,2 %). қосымша заттар: сорбитол, титанның қостотығы, натрий бензоаты, ксантан шайыры, натрий дигидроцитраты, натрий цитраты, натрий сахаринаты, жалбыз хош иістендіргіші, жемістен пунш хош иістендіргіші
Қолданылуы
Тұмауды емдеу Энфлувир ересектерге және балаларға, соның ішінде қоғамдағы тұмау вирусының айналымы кезінде тұмауға тән симптомдары бар күні жетіп жаңа туған нәрестелерге көрсетілген. Тұмау симптомдары басталғаннан бастап екі тәулік ішінде ем басталған жағдайдағы тиімділігі дәлелденді. Тұмаудың профилактикасы - Тұмау вирусының тұрғындар арасында жаппай таралуы кезінде клиникалық диагноз қойылған тұмау жағдайымен жанасудан кейінгі ересектер мен бір жастағы және одан асқан балалардағы жанасудан кейінгі профилактикада. - Тұмаудың профилактикасы үшін Энфлувир препаратын тиісінше қолдану әрбір нақты жағдайда қорғауды талап ететін жағдайларға және пациенттер тобына байланысты айқындалуы тиіс. Ерекше жағдайларда (мысалы, вирустың айналымдағы штаммы мен вакцинаның арасында сәйкессіздік болған жағдайда, сондай-ақ пандемия кезеңінде) бір жастағы және одан үлкен жастағы адамдарда маусымдық профилактика мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. - Энфлувир препараты тұмау пандемиясының өршуі кезіндегі 1 жасқа дейінгі балалардағы тұмаудың жанасудан кейінгі профилактикасы үшін көрсетілген. Энфлувир препараты тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды. Тұмаудың емі және профилактикасы үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсыныстарға негізделуі керек. Емдеу және профилактика үшін вирусқа қарсы дәрілерді қолдану туралы шешімді айналымдағы тұмау вирусының сипаттамаларын, әр маусымдағы тұмау вирусының дәрілік заттарға сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты, әртүрлі географиялық аймақтарда және пациенттер тобында аурудың әсерін ескере отырып қабылдаған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- осельтамивирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Энфлувир суспензиясы және Энфлувир капсулалары биоэквивалентті препараттар болып табылады. Капсулаларды жұтуға қабілетті ересектер, жасөспірімдер немесе балалар (> 40 кг) препаратты Энфлувир капсулалары түрінде қабылдай алады. Тұмауды емдеу Емдеуді мүмкіндігінше ертерек, тұмау симптомдары пайда болғаннан кейінгі алғашқы екі күн ішінде бастау керек. Ересектер мен жасөспірімдер (13 жастан 17 жасқа дейін) Ересектер мен 13 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер үшін ұсынылатын доза 5 күн ішінде тәулігіне екі рет 75 мг немесе бір капсуладан 30 мг және 45 мг құрайды (немесе иммунитеті әлсіреген пациенттер үшін 10 күн). Капсулаларды жұтуда қиындықтары бар ересектер мен 13 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер 5 күн ішінде тәулігіне екі рет 75 мг дозада ішке қабылдау үшін суспензия түрінде Энфлувир қабылдауға ауысуы мүмкін. Балалар 1 жастағы және одан асқан балалар Нәрестелер мен 1 жастан асқан балаларды емдеу үшін баланың салмағына байланысты келесі дозалау режимдерін қолдану ұсынылады:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.