+207 бонус

ЭНФЛУВИР 75 мг №10 капс

4140 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Осельтамивир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Атабай Илач Фабрика А.С.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 капсула құрамында белсенді зат - 98,5 мг осельтамивир фосфаты (75,0 мг осельтамивирге баламалы) қосымша заттар: желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, повидон К-30, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы қатты желатинді капсула №2: корпусы: желатин; қақпағы: желатин, азорубин - кармоизин (Е 122)
Қолданылуы
Тұмауды емдеу Энфлувир қоғамдағы тұмау вирусының айналымы кезінде тұмауға тән симптомдары бар ересектерге көрсетілген. Тұмау симптомдары пайда болуы басталғаннан бастап екі тәулік ішінде ем бастаған жағдайдағы тиімділігі дәлелденді. Тұмаудың профилактикасы - Тұмау вирусының тұрғындар арасында жаппай таралуы кезінде клиникалық диагноз қойылған тұмау жағдайымен жанасу болғаннан кейінгі ересектердегі жанасудан кейінгі профилактикада. - Тұмаудың профилактикасы үшін Энфлувир препаратын тиісінше қолдану әрбір нақты жағдайда қорғауды талап ететін жағдайларға және пациенттер тобына байланысты айқындалуы тиіс. Ерекше жағдайларда (мысалы, вирустың айналымдағы штаммы мен вакцина құрамындағы штаммның арасында сәйкессіздік болған жағдайда, сондай-ақ пандемия кезеңінде) маусымдық профилактика мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал. Энфлувир препараты тұмауға қарсы вакцинацияны алмастырмайды. Тұмаудың емі және профилактикасы үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми ұсыныстарға негізделуі тиіс. Емдеу және профилактика үшін вирусқа қарсы дәрілерді қолдану туралы шешімді айналымдағы тұмау вирусының сипаттамаларын, әр маусымдағы тұмау вирусының дәрілік заттарға сезімталдығы туралы қолжетімді ақпаратты, әртүрлі географиялық аймақтарда және пациенттер тобында аурудың әсерін ескере отырып, қабылдаған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- осельтамивирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Энфлувир капсулалары және Энфлувир суспензиясы биоэквивалентті препараттар болып табылады. Капсулаларды жұтуы қиын немесе төмен дозаларды қажет ететін ересектер үшін Энфлувир препаратын суспензия түрінде қолданған дұрыс. Ересектер Тұмауды емдеу Емдеу тұмау симптомдары пайда болғаннан кейінгі алғашқы екі күн ішінде мүмкіндігінше тезірек басталуы тиіс. Ұсынылатын доза 5 күн ішінде тәулігіне екі рет 75 мг немесе бір капсуладан 30 мг және 45 мг құрайды. Капсулаларды жұтуға қиналатын ересектер мен 13 жастағы және одан үлкен жастағы жасөспірімдер 5 күн ішінде тәулігіне екі рет 75 мг дозада ішке қабылдауға арналған суспензия түріндегі Энфлувирді қабылдауға ауыса алады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.