ЭНЕАС 10/20 №30 таб

4420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: ФЕРРЕР ИНТЕРНАСЬОНАЛ
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: эналаприл малеаты, 10 мг нитрендипин, 20 мг қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий лаурилсульфаты, повидон К-25, магний стеараты, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
артериялық қысымы жеткілікті дәрежеде эналаприл немесе нитрендипиннің көмегімен бақыланбайтын пациенттердегі эссенциалдық (бастапқы) гипертензияның аралас терапиясы
Қарсы көрсетілімдер
эналаприлге, нитрендипинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде ангиотензин-өзгертетін фермент тежегіштерін қолданумен байланысты тамырлық ісінудің немесе тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісінудің болуы жүктіліктің екінші және үшінші триместрі және лактация кезеңі тұрақсыз гемодинамикамен қатар жүретін жағдайлар, атап айтқанда, тамырлы коллапс, кардиогенді шок, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, жедел коронарлық синдром, жедел инсульт бүйрек артерияларының билатеральды стенозы немесе бір ғана бүйрек болған кезде бір жақты стеноз гемодинамика үшін маңызды қолқа немесе митральды қақпақшаның стенозы және гипертрофиялық кардиомиопатия бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем) немесе гемодиализ жүргізу бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар. Қант диабеті немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге (ШСЖ <60 мл / мин / 1,73 м2) құрамында алискирен бар өнімдермен Энеасты® бір мезгілде қабылдауға болмайды. Сакубитрил / валсартан терапиясымен бірге қолдану. Энеасты® сакубитрил / валсартанның соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер, оның ішінде егде жастағылар Күніне 1 таблетка доза ұсынылады. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Энеас® препаратын бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерге эналаприлмен немесе нитрендипинмен монотерапия қарсы көрсетілмеген, бірақ мұндай жағдайларда Энеасты® қолдану туралы ақпарат жоқ. Осылайша, Энеасты®, егер ол осындай пациенттерге қолдану ұсынылса, сақтықпен тағайындау керек. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Энеас® препаратын бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз) немесе гемодиализдегі пациенттерге қолдануға болмайды. Балалар мен жасөспірімдер Балалар мен жасөспірімдерде Энеас® қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан оны пациенттердің осы санатында қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды сындырмай және шайнамай, жеткілікті мөлшерде сумен іше отырып, тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.