ЭНЦИФЕР 5 мл №5 амп Железо III

10170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сахарат оксида железа
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Эмкюр Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 ампуланың ішінде: белсенді зат - 2 г темір (III) сахароза гидроксидінің кешені (100 мг элементтік темірге (III) баламалы) қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Пероральді темір препараттарымен емдеу жеткілікті тиімді емес немесе негізделген пациенттердегі темір тапшылығы жағдайлары, мысалы: организмді темірмен тез толтырудың клиникалық қажеттілігі; пероральді темірмен емді көтере алмайтын немесе оның режимін сақтамайтын пациенттер; ішектің белсенді түрдегі қабыну ауруларында, темірдің пероральді препараттары тиімсіз болған кезде; бүйректің созылмалы ауруларында, темірдің пероральді препараттары аз тиімді болған кезде. Темір жеткіліксіздігін диагностикалау қолайлы зертханалық талдауға негізделуі керек (мысалы, Hb (гемоглобин), сарысу ферритині, ТҚ (трансферриннің қанығуы)
Қарсы көрсетілімдер
Энциферді келесі жағдайларда қолдануға болмайды: әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнезінде темірдің басқа препараттарына елеулі жоғары сезімталдық; темір тапшылығынан туындамаған анемия; темір мөлшерінің шамадан тыс болуының (артық жүктемесі) белгілері немесе темірдің сіңуінің тұқым қуалайтын бұзылулары; - жүктіліктің бірінші триместрі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Пациенттерде Энциферді әрбір енгізу кезінде және одан кейін жоғары сезімталдық реакциясының симптомдары мен белгілерінің пайда болуына мұқият мониторинг жүргізу қажет. Энциферді анафилаксиялық реакцияларды жылдам бағалау және емдеу бойынша тиісті оқытудан өткен медициналық персонал ғана қолдануы тиіс және препаратты қолдану кезінде медициналық персоналда реанимациялық көмекке арналған барлық тиісті құралдар мен жабдықтардың болуына кепілдік берілуі тиіс. Пациентке Энцифердің әрбір инъекциясын енгізгеннен кейін кем дегенде 30 минут бойы жағымсыз әсерлердің пайда болуына бақылау жүргізу қажет. Дозалау: Энцифердің жиынтық дозасын әрбір пациент үшін жеке есептеу және оны асырмау керек. Дозаны есептеу Жалпы темір тапшылығына (мг) баламалы Энцифердің жалпы жиынтық дозасы гемоглобин (Hb) деңгейі және дене салмағы (ДС) бойынша анықталады. Энцифердің дозасын Ганзони (Ganzoni) формуласы бойынша есептелетін жалпы темір тапшылығына сәйкес әрбір пациент үшін жеке есептеу қажет, мысалы: Темірдің жалпы тапшылығы [мг] = ДС [кг] x (мақсатты Hb-нақты Hb) [г/дл] x 2.4 * + темір қоры [мг] * ДС 35 кг төмен: Мақсатты Hb = 13 г/дл және темір қоры = 15 мг/кг ДС * ДС 35 кг және одан жоғары: Мақсатты Hb = 15 г/дл және темір қоры = 500 мг * 2.4 коэффициенті = 0.0034 (темір мөлшері Hb = 0.34%) x 0.07 (қан көлемі = ДС-дан 7%) x 1000 ([г] - ге [мг] түрлендіру үшін) x 10 Темірдің жалпы тапшылығы (мг) Энцифердің жалпы қолданылатын дозасы (мл) = --------------------------------- 20 мг темір/мл Дене салмағына, Hb нақты деңгейіне және Hb мақсатты деңгейіне сәйкес Энцифердің жалпы қолданылатын мөлшері (мл) * ДС Энцифердің жалпы қолданылатын мөлшері (1 мл-ге 20 мг темір) Hb 6.0 г/дл Hb 7.5 г/дл Hb 9.0 г/дл Hb 10.5 г/дл 30 кг 47.5 мл 42.5 мл 37.5 мл 32.5 мл 35 кг 62.5 мл 57.5 мл 50 мл 45 мл 40 кг 67.5 мл 60 мл 55 мл 47.5 мл 45 кг 75 мл 65 мл 57.5 мл 50 мл 50 кг 80 мл 70 мл 60 мл 52.5 мл 55 кг 85 мл 75 мл 65 мл 55 мл 60 кг 90 мл 80 мл 67.5 мл 57.5 мл 65 кг 95 мл 82.5 мл 72.5 мл 60 мл 70 кг 100 мл 87.5 мл 75 мл 62.5 мл 75 кг 105 мл 92.5 мл 80 мл 65 мл 80 кг 112.5 мл 97.5 мл 82.5 мл 67.5 мл 85 кг 117.5 мл 102.5 мл 85 мл 70 мл 90 кг 122.5 мл 107.5 мл 90 мл 72.5 мл * ДС 35 кг төмен: Мақсатты Hb = 13 г/дл ДС 35 кг және одан жоғары: Мақсатты Hb = 15 г/дл Hb-ны (мМ) Hb-ге (г/дл) түрлендіру үшін бірінші мәнді 1.6-ға көбейту керек. Егер жалпы қажетті доза ең жоғары рұқсат етілген бір реттік дозадан асып кетсе, онда мұндай дозаны бірнеше енгізуге бөлу керек. Ересектер 5 - 10 мл Энцифер (100 - 200 мг темір) аптасына 1-3 рет. Енгізу уақыты мен сұйылту дәрежесі бойынша ақпарат алу үшін – қараңыз. “Енгізу әдісі мен жолы”. Енгізу әдісі мен жолы Энциферді тек вена ішіне қолдану керек. Препаратты баяу вена ішіне енгізуге, вена ішіне тамшылатып инфузия арқылы немесе диализ аппаратының веналық желісіне тікелей енгізуге болады. Вена ішіне тамшылатып құю Энциферді тек 0.9% (м/көл) натрий хлоридінің (NaCl) стерильді ерітіндісімен сұйылту қажет. Сұйылтуды тікелей инфузия алдында жүзеге асыру қажет және ерітіндіні төмендегідей енгізу қажет: Энцифердің дозасы (темір мг) Энцифердің дозасы (Энцифер мл) NaCl 0.9% (м/көл.) стерильді ерітіндісімен сұйылтудың максималды көлемі Енгізудің ең аз уақыты 50 мг 2.5 мл 50 мл 8 минут 100 мг 5 мл 100 мл 15 минут 200 мг 10 мл 200 мл 30 минут Тұрақтылық себептері бойынша Энцифердің неғұрлым төмен концентрациясына дейін сұйылтуға рұқсат етілмейді. Венаішілік инъекция Энциферді минутына 1 мл сұйылтылмаған ерітінді жылдамдығымен және бір инъекцияға 10 мл Энцифер (200 мг темір) дозасынан асырмай баяу вена ішіне құю түрінде енгізуге болады. Диализ аппаратының веналық желісіне енгізу Энциферді гемодиализ сеанстары кезінде қолдануға болады – оны диализ аппаратының веналық желісіне тікелей енгізу және вена ішіне енгізу кезіндегі жағдайларды сақтау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.