ЭНАП-НЛ 10 мг/12,5 мг №20 таб

1660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эналаприл и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 10 мг эналаприл малеаты, 12,5 мг гидрохлоротиазид, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, тальк, магний стеараты
Қолданылуы
Фермент-өзгертуші фермент тежегішімен монотерапияның емдік тиімсіздігі жағдайында артериялық гипертензияны емдеу - артериялық гипертензия (біріктірілген ем көрсетілген пациенттерге)
Қарсы көрсетілімдер
- эналаприл малеатына, гидрохлортиазидке немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) - анурия - анамнездегі АӨФ тежегіштерін алдыңғы қолданумен байланысты ангионевроздық ісіну - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну - сульфаниламидті препараттарға жоғары сезімталдық - жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ <60 мл / мин / l. 73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану - сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қолдану. Энап®-НЛ сакубитрилдің/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте қолданбау керек Энап®-НЛ ануриясы немесе аорта стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатиясы немесе гиперкалиемиясы бар пациентерге қарсы көрсетілімді. Энап®-НЛ бүйрек артериясының стенозы бар пациентерге қарсы көрсетілімді. Энап®-НЛ жедел артериялық гипертензия кезінде қарсы көрсетілімді. Энап-НЛ қолдану осы тіркелген біріктірілімді қолдану бойынша клиникалық деректердің болмауына байланысты декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көрсетілмеген. Бұл факт жүрек жеткіліксіздігі кезінде жеке және бір мезгілде емдеуге тиімді жеке компоненттерді қолдануға, тиісті дозаны таңдауға байланысты емес.
Дозасы
Препараттың әдеттегі дозасы тәулігіне бір рет бір таблетканы құрайды. Қажет болса, дозаны тәулігіне бір рет екі таблеткаға дейін арттыруға болады. Көптеген пациенттер үшін тәулігіне 20 мг эналаприл малеаты немесе 50 мг гидрохлоротиазид дозалары жеткілікті; сондықтан Энап®-НЛ препаратын тәулігіне екі таблеткадан асырмай қолдану ұсынылады. Оң әсері болмағанда екінші препаратты қосу немесе емді өзгерту ұсынылады. Диуретиктермен алдын ала ем Препараттың бастапқы дозасын қабылдаудан кейін симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін; бұл диуретиктермен алдыңғы ем нәтижесінде айналымдағы сұйықтық көлемінің төмендеуі және/немесе электролиттік бұзылулары бар пациенттерде зор ықтималды. Диуретиктермен емді Энап®-НЛ препаратымен емдеу басталуына дейін 2-3 күн бұрын тоқтату қажет. Бүйре жеткіліксіздігі кезінде дозалау Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиазидті диуретиктер тиімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін. Олар креатинин клиренсі (КК) 30 мл/мин немесе одан аз (яғни, бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігінде) пациенттерде тиімсіз. Креатинин клиренсі > 30 мл/мин және < 80 мл/мин арасындағы пациенттерде емдеуді жеке компоненттердің қолайлы дозасынан бастау керек. Емдік тұрақтылық кезеңдерінде әр екі ай сайын калий мен креатинин деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау талап етіледі. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз немесе сарысу креатинині 250 мкмоль/л мөлшерінен көп: қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттерде дозалау Бір мезгілде қабылданатын эналаприл малеаты мен гидрохлоротиазидтің тиімділігі және жағымдылығы егде жастағы және одан жас пациенттерде ұқсас болды. Балалар Балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ас ішу кезінде немесе одан кейін сұйықтықпен іше отырып, бүтіндей қабылдау керек. Препаратты күн сайын белгілі бір уақытта, дұрысы, таңертең жүйелі қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.