+75 бонус

ЭНАП-Н 10 мг/25 мг №20 таб

1500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эналаприл и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 10,00 мг эналаприл малеаты, 25,00 мг гидрохлоротиазид қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, хинолинді сары (Е104), лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, тальк, магний стеараты
Қолданылуы
- эссенциялық гипертензияны емдеу (эналаприлмен монотерапия аясында артериялық қысымның төмендеуі жеткіліксіз болғанда немесе осы дозаларда пациенттің тұрақты жай-күйінде 10 мг эналаприл малеаты мен 25 мг гидрохлоротиазидпен біріктірілген емді ауыстыру үшін)
Қарсы көрсетілімдер
- эналаприлге малеатқа, гидрохлортиазидке немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) - анурия - анамнездегі АӨФ тежегіштерін алдыңғы қолданумен байланысты ангионевроздық ісіну - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну - сульфаниламидті препараттарға жоғары сезімталдық - жүктіліктің екінші және үшінші триместрі - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы (ШСЖ <60 мл / мин / l.73 м2) бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану - сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қолдану. Энап®-Н сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте қолданбау керек. - бала емізу - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер Энап®-Н ануриясы немесе аорта стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатиясы немесе гиперкалиемиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Энап®-Н бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Энап®-Н жедел артериялық гипертензия кезінде қолдануға болмайды. Энап®-Н қолдану осы бекітілген біріктірілімді қолдану бойынша клиникалық деректердің болмауына байланысты декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көрсетілмеген. Бұл факт жүрек жеткіліксіздігінде тиісті дозаны таңдау кезінде жекелей де, сондай - ақ бір мезгілде емдеу үшін де тиімді жеке компоненттерді қолдануға қатысы жоқ.
Дозасы
Препарат дозасы ең алдымен оның белсенді заты - эналаприл малеатын қолдану тәжірибесіне негізделуі тиіс. Әдеттегі доза тәулігіне бір таблетканы құрайды. Сындыру сызығы (таблеткадағы кертік) жұтуды немесе тең бөліктерге бөлуді оңайлату үшін, таблетканы сындыруға арналмаған. Қажет болса, дозаны тәулігіне бір рет екі таблеткаға дейін арттыруға болады. Көптеген пациенттер үшін тәулігіне 20 мг эналаприл малеаты немесе 50 мг гидрохлоротиазид дозалары жеткілікті; сондықтан тәулігіне екі таблеткадан көп емес Энап®-Н препаратын қолдану ұсынылады. Әсері болмаса, екінші препаратты қосу немесе емді өзгерту ұсынылады. Диуретиктермен алдыңғы емдеу Препараттың бастапқы дозасын қабылдаудан кейін симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін; бұл диуретиктермен алдын ала ем нәтижесінде айналымдағы сұйықтық көлемінің төмендеуі және/немесе электролитттік бұзылулары болған пациенттерде дамуы мүмкін. Диуретиктермен емді Энап®-Н препаратымен емнің басталуына дейін 2-3 күн бұрын тоқтату қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозалау Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиазидтік диуретиктердің тиімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін. Олар креатинин клиренсі (КК) 30 мл/мин немесе одан төмен (яғни, бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігінде) пациенттерде тиімсіз болады. Креатинин клиренсі >30 мл/мин бастап <80 мл/мин дейінгі пациенттерде емдеуді препараттың жеке белсенді заттарының тиісті дозасынан бастау керек. Егде жастағы пациенттерде дозалау Бір мезгілде қабылданатын эналаприл малеаты мен гидрохлоротиазидтің тиімділігі мен жағымдылығы егде жастағы және одан да жас пациенттерде ұқсас болды. Балалар 18 жасқа дейінгі балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды бүтіндей, ас ішу кезінде немесе одан кейін, сұйықтықпен ішіп қабылдау ұсынылады. Препаратты дұрысы - таңертең және күн сайын белгілі бір уақытта жүйелі қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.