ЭНАП 2,5 мг №20 таб

760 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эналаприл
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 2,5 мг эналаприл малеаты, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, тальк, магний стеараты
Қолданылуы
жоғары артериялық қысымды емдеу бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық жоғары артериялық қысымды емдеу (сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігінде және қант диабеті себеп болатын бүйрек функциясының бұзылуында) жүрек жеткіліксіздігін емдеу жүрек жеткіліксіздігінің ерте сатысындағы пациенттерде, яғни симптомдар әлі пайда болмаған кезеңде жүрек жұмысының әріқарай әлсіреуін және симптомдар дамуының баяулауын болдырмау сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар пациенттерде кенеттен болатын ауыр жүрек асқынуларының (жүректің ишемиялық ауруы) профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
Энапты келесі жай-күйлерде қабылдамаңыз: эналаприлге немесе осы дәрінің басқа компоненттерінің қандай да біріне аллергия болса, басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі кенеттен ерін мен беттің, мойынның, сондай-ақ аяқ пен қолдың ісінуін немесе тұншығуды немесе қарлығуды (ангионевроздық ісіну) туғызатын аса жоғары сезімталдық реакциясының анамнезде болуы тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе қандай да бір басқа, себебі белгісіз ангионевроздық ісіну жүктілік, лактация кезеңі қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы және сіз артериялық қысымды төмендету үшін құрамында алискирен бар препарат қабылдап жүрсеңіз балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге галактоза жақпаушылығымен, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану (көмей аумағындағы терінің және жұмсақ тіндердің жылдам дамитын ісінуі) Егер жоғарыда тізбеленгендердің қайсысы болса да сізге қатысты болса, өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Дозасы
Бұл дәріні үнемі тура өзіңіздің дәрігеріңіз айтқандай қабылдаңыз. Сіз, егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесуге тиіссіз. Жоғары артериялық қысымды емдеу Жоғары артериялық қысымды емдеуге арналған Энап® препаратының әдеттегі бастапқы дозасы 5-тен 20 мг дейін құрайды. Дәріні күніне бір рет қабылдаңыз. Артериялық қысым деңгейі қалып шегінен сәл асып кететін пациенттерде ұсынылатын бастапқы доза күніне 5-10 мг құрайды. Әдеттегі демеуші доза күніне бір рет 20 мг құрайды. Ең жоғары тәуліктік демеуші доза 40 мг құрайды. Егер сіз Энап® препаратымен емдеудің басталуына дейін несеп айдайтын дәрілердің (диуретиктер) жоғары дозаларын қабылдасаңыз, ұсынылатын бастапқы доза 5 мг немесе одан аз құрайды. Егер мүмкін болса, дәрігеріңіз сізден Энап® препаратымен емдеудің басталуына дейін екі-үш күн бұрын несеп айдайтын дәрі қабылдауды тоқтатуды өтінеді. Жүрек жеткіліксіздігін емдеу / жүрек жеткіліксіздігінің профилактикасы Әдеттегі бастапқы доза күніне бір рет 2,5 мг құрайды. Бұл дозаны бір дозада енгізілген немесе 2 қабылдауға бөлінген әдеттегі 20 мг демеуші дозаға дейін біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік дозасы екі қабылдауға бөлінген 40 мг құрайды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозалануы Дәрігер бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне қарай дұрыс дозаны белгілейді. Бастапқы дозаны және алғашқы үлкен дозаны қабылдау кезінде ерекше сақ болыңыз. Егер сіз бас айналуын немесе вертиго сезінсеңіз, дереу өз дәрігеріңізге хабарласыңыз. Егер сізде Энап® препаратының әсері тым күшті немесе тым әлсіз сияқты әсер қалыптасса, өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен сөйлесіңіз. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.