+92 бонус

ЭМИГИЛ сусп. 200 мг/5 мл 100 мл

1840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ОАЭ
  • Өндіруші: ВИСТА ЛАБС ДМСС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында белсенді зат – 321.600 мг метронидазол бензоаты1 (200 мг метронидазолға баламалы); қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гидрогенделген полиоксил майсана майы (Cremophor RH-40), жалбыз майының сұйық эссенциясы, анис сұйық эссенциясы, натрий метилгидроксибензоаты, натрий пропилгидроксибензоаты, натрий хлориді, натрий сахарині, 70% сорбитол, сукроза, ксантан шайыры, глицерин, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су. 1-2% артықты ескере отырып, 1.608 қайта есептеу коэффициенті
Қолданылуы
Көрсетілімдер метронидазолдың паразитке қарсы және бактерияға қарсы белсенділігіне және оның фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген. Көрсетілімдер осы дәрілік заттың клиникалық зерттеулерін де, оның қазіргі уақытта қолда бар бірқатар инфекцияға қарсы дәрілік заттардағы орнын да ескереді. Көрсетілімдер дәрілік затқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялармен шектеледі: - амебиаз - урогенитальді трихомониаз - спецификалық емес вагинит - лямблиоз - сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған хирургиялық инфекцияларды емдеу - инъекциялық емнен ауысқан кезде метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдер туындатқан инфекцияларға арналған екінші қатардағы ем Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- нитроимидазолға, метронидазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
Дозасы
Амебиаз Ересектер: Күніне үш рет 1,50 г. Балалар: Күніне үш рет 30-40 мг/кг. Абсцесс сатысындағы бауыр амебиазы кезінде абсцессті эвакуациялауды метронидазолмен емдеумен бірге жүргізу керек. Емдеу ұзақтығы - қатарынан жеті күн. Трихомониаз • Әйелдерде (трихомонада туындатқан уретрит және вагинит) он күндік аралас емдеу дұрыс, оның ішінде: - күніне 0,50 г екі қабылдауға пероральді. - күніне 1 қынаптық суппозиторий. Жұптасында Trichomonas vaginalis жұқтырудың клиникалық белгілері байқалу-байқалмауына қарамастан, зертханалық тесттердің нәтижесі тіпті теріс болса да, оның қатар емделуі маңызды. • Ерлерде (трихомонадалық уретрит): - күніне 0,50 г пероральді екі қабылдауға он күн бойы. Өте сирек жағдайларда тәуліктік дозаны 0,750 г немесе 1 г дейін арттыру қажет болуы мүмкін. Лямблиоз Ересектер: Бес күн қатарынан күніне 0,750 г-ден 1 г-ге дейін. Балалар: 2-ден 5 жасқа дейін: күніне 250 мг. 5-тен 10 жасқа дейін: күніне 375 мг. 10-нан 15 жасқа дейін: күніне 500 мг. Спецификалық емес вагинит 500 мг-ден күніне 2 рет жеті күн бойы. Жұптасты бір мезгілде емдеуді тәжірибелеу керек. Анаэробты микробтық инфекцияларды емдеу (бірінші желінің емі немесе орын басатын ем). Ересектер: Күніне 1-1,5 г. Балалар: Күніне 20-30 мг/кг. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Құтының жиынтығына кіретін пероральді қолдануға арналған өлшеуіш қақпақшаны пайдаланыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.