+54 бонус

ЭМИГИЛ 500 мг №10 таб

1095 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ОАЭ
  • Өндіруші: ВИСТА ЛАБС ДМСС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 510 мг метронидазол1, қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, желатин, повидон, жүгері крахмалы, тазартылған су, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы (Примеллоза), натрий крахмалы гликоляты (Примогель), тазартылған тальк қабығы: макрогол, этилцеллюлоза, гипромеллоза, хинолинді сары ISI бояғыш лагы, титанның қостотығы (Е 171), дихлорметан2, изопропил спирті2. 1 - 2% шамадан артық екендігін ескеру керек 2 – Өндіріс барысында жойылады
Қолданылуы
Қолданылуы дәрілік затқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялармен шектеледі: - ішектік амебиаз (амебалы дизентерия) - урогенитальді трихомониаз - спецификалық емес вагинит - лямблиоз - хирургиялық араласымдарда анаэробты инфекция профилактикасы - метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда екінші желілі ем ретінде, инъекциялық емнен ауысқанда. Бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе анамнезінде нитроимидазолдың басқа туындыларына, сондай-ақ қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге - лактация кезеңі
Дозасы
Ересектерге Амебиазды емдеу үшін 7 күн бойы күніне 3 рет 500 мг-ден (1 таблетка) тағайындайды. Бауырдың амебалық абсцесстері кезінде абсцесстің ішіндегі затты эвакуациялау метронидазолмен емдеумен біріктіріп жүргізілуі тиіс. Әйелдерде трихомониазда (уретрит және вагинит) метронидазолды бір реттік доза 2 г (4 таблетка) немесе 10 күн бойы курстық ем түрінде 500 мг-ден тағайындайды: күніне 2 рет 1/2 таблеткадан. Серіктес сыңарында Trichomonas vaginalis-дің жұққанын көрсететін клиникалық белгілердің байқалған-байқалмағанына қарамай, тіпті зертханалық талдаудың оң нәтижесі жоқ болса да, олардың екеуі де емдеуден бір мезгілде өтуі қажет. Еркектердегі трихомониазда (уретритте) метронидазолды 10 күн бойы курстық ем түрінде 500 мг-ден тағайындайды: күніне 2 рет 1/2 таблеткадан. Ерекше жағдайларда тәуліктік дозаны 750 мг немесе 1000 мг (2 таблетка) дейін арттыру қажет болуы мүмкін. Лямблиозда метронидазолды 5 күн бойы күніне 750 мг – 1000 мг-ден тағайындайды. Спецификалық емес вагинитте метронидазолды 7 күн бойы күніне 2 рет 500 мг дозада тағайындайды. Серіктестің екеуін де емдеуді бір мезгілде жүргізу қажет. Метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда (бірінші немесе екінші желілі емдеу) метронидазолды күніне 2-3 рет 500 мг-ден (1 таблетка) тағайындайды (тәуліктік доза - 1000 мг – 1500 мг/тәул). Ең жоғары бір реттік доза – 1 таблетка. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка. Бүйрек функциясы бұзылғанда (креатинин клиренсі 10 мл/мин дейін) тәуліктік доза 2 есеге азайтылуы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. Препаратты тамақтану кезінде немесе бірден тамақтанып болғаннан кейін, шайнамай, аздаған су мөлшерімен ішіп, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.