+203 бонус

ЭМЕРОН 100 мг №30 саше

9:00-ден кейін қолжетімді
4060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ВЕГАФАРМ ЛЛП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакеттің ішінде белсенді зат-нимесулид 100 мг, қосымша заттар: сахароза, мальтодекстрин, лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші.
Қолданылуы
- жедел ауырсынуларды емдеу - бастапқы дисменореяны емдеу. Эмерон препаратын екінші қатардағы препарат ретінде ғана тағайындау қажет. Нимесулидпен емдеу туралы шешім әрбір пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға байланысты бұрын байқалған аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх түйілуі, есекжем, ринит, мұрындағы полиптер) - бұрын болған нимесулидке гепауытты реакциялар - бауыр үшін әлеуетті уытты басқа дәрілерді қатар қабылдау, алкоголизм, есірткіге тәуелділік -алдыңғы ҚҚСП емдеумен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілу - асқыну сатысындағы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнезде ойық жараның, тесілудің немесе асқазан-ішек жолында қан кетудің болуы - цереброваскулярлық қан кетулер немесе қан ұюының басқа да жедел бұзылулары - қан ұюының ауыр бұзылулары - ауыр жүрек жеткіліксіздігі - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі - бауыр жеткіліксіздігі - қызба және/немесе тұмау симптомдары бар пациенттер - 12 жасқа дейінгі балалар - жүктіліктің үшінші триместрі және бала емізу кезеңі - тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы. Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары Нимесулидті басқа ҚҚСП-мен, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бірге қолданудан аулақ болу керек. Екі ҚҚСП бір мезгілде қолдануға жол берілмейді. Эмерон препаратымен емдеу кезінде пациент басқа анальгетиктерді қабылдаудан бас тартуы керек. Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған жүрек ишемиясы диагнозы, шеткері артерия аурулары, цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерді пайда/қауіп арақатынасын мұқият қарастырғаннан кейін ғана Эмерон препаратымен емдеуге болады. Осындай тәсіл жүрек-қан тамырлары ауруларының (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастар алдында қажет. Нимесулид тромбоциттердің функциясын бұзуы мүмкін болғандықтан, геморрагиялық диатезі бар пациенттерде оны сақтықпен қолдану керек, бірақ жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін Эмерон ацетилсалицил қышқылын алмастыра алмайды. Осы пациенттер үшін, сондай-ақ асқазан-ішектің жағымсыз әсерлерінің қаупін арттыратын ҚҚСП тобындағы аспириннің немесе басқа да препараттардың төмен дозаларын қабылдайтын пациенттер үшін қорғағыш құралдарын (мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет. Эмерон препаратын асқазан-ішек жолдарының аурулары, оның ішінде пептидтік ойық жарасы бар, анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету , спецификалық емес ойық жаралы колит және Крон аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін.
Дозасы
Жағымсыз жанама әсерлерді барынша азайту үшін емдеудің ең аз ұзақтығында ең аз тиімді дозаны қабылдау керек. Ересектер: тамақтанғаннан кейін тәулігіне екі рет 1 пакеттен (100 мг нимесулид). Балалар: құрамында нимесулид бар дәрілік препараттарды 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Жасөспірімдер (12 жастан 18 жасқа дейін): бұл пациенттер үшін дозаны өзгерту қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін Эмерон препаратын қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: жеңіл және орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Эмерон препаратын тағайындауға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Пакеттің ішіндегісін сұйылтып, бір стақан газдалмаған суда араластыру керек. Суспензияны сұйылтқаннан кейін бірден ішу керек. Емдеу ұзақтығы Эмерон препаратымен емдеу курсының ең жоғары ұзақтығы-15 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.