+120 бонус

ЭМАНЕРА 40 мг №14 капсул

2400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 41,290 мг магний эзомепразолы (тиісінше 40 мг эзомепразолға баламалы) қосымша заттар: қант түйіршіктері (сфералар), повидон К30, натрий лаурилсульфаты, Opadry II White 85F28751 (поливинил спирті, титанның қостотығы (E 171), макрогол 3000, тальк), мaгнийдің ауыр карбонаты, метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері (1 : 1) дисперсия 30%, тальк, макрогол 6000, титанның қостотығы (E 171), полисорбат 80 капсула қабығының құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин
Қолданылуы
Ересектер: - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында (ГЭРА) (эрозиялы рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін) - пептидтік ойық жарадан қан кетуді бастан өткерген пациенттерде ұзаққа созылатын қышқылды бәсеңдететін ем үшін (асқазан бездерінің секрециясын төмендететін препараттарды вена ішіне қолданғаннан кейін, қайталануының профилактикасы үшін) - Золлингер-Эллисон синдромы 12 жастан асқан жасөспірімдер: гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында (ГЭРА) (эрозиялы рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына, орынбасқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық нелфинавирмен бірге қолдану
Дозасы
Ересектер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Эрозиялы рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Егер бірінші курсынан кейін эзофагиттің жазылуы басталмаса немесе симптомдары сақталып қалса, қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады. Пептидтік ойық жарадан қан кетуді бастан өткерген пациенттерде ұзаққа созылатын қышқылды бәсеңдететін ем (асқазан бездерінің секрециясын төмендететін препараттарды вена ішіне қолданғаннан кейін, қайталануының профилактикасы үшін): пептидтік ойық жарадан қан кетудің қайталануының индукцияланған венаішілік профилактикасынан кейін 4 апта бойы тәулігіне 1 рет 40 мг. Золлингер-Эллисон синдромының емі: Эманера® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг құрайды. Содан соң дозасын жекелей таңдау керек, емдеу ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісі бойынша анықталады. Препаратты пациенттердің көпшілігінде тәулігіне 80-ден 160 мг эзомепразол дозаларында қолдану тәжірибесі бар. Тәулігіне 80 мг жоғары дозаларда дозаны екі қабылдауға бөлу керек. Балалар 12 жастан асқан жасөспірімдер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Эрозиялы рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Егер алғашқы курсынан кейін эзофагиттің жазылуы басталмаса немесе симптомдары сақталып қалса, қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың жеңіл және орташа жеткіліксіздігі кезінде препараттың дозасын түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасын - 20 мг арттырмау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде эзомепразолды қолдану тәжірибесі шектеулі; соған байланысты, препаратты ондай пациенттерге қолданғанда сақтық таныту керек. Енгізу әдісі мен жолы Капсулаларды тұтастай жұтып, аздаған мөлшердегі сумен ішіп жіберу керек. Капсулаларды шайнауға немесе ұнтақтауға болмайды. Жұтуға қиналатын пациенттер үшін, капсулаларды ашуға және ішіндегісін жарты стақан газдалмаған суда ерітуге болады. Басқа сұйықтықтарды пайдалануға болмайды, өйткені олар таблетканың ішекте еритін қабығын зақымдауы мүмкін. Микротүйіршіктер салынған суды бірден немесе 30 минут ішінде ішеді. Содан соң тағы жарты стақан су алып, ішіп жіберу керек. Түйіршіктерді шайнамау немесе ұнтақтамау керек. Жұта алмайтын пациенттерге таблетканы алдын ала жарты стақан газдалмаған суда ерітіп алып, оны назогастральді зонд арқылы енгізуге болады. Таңдалған шприц пен түтіктің сәйкес келетіндігін мұқият тексеру маңызды. Препаратты назогастральді зонд арқылы енгізу Капсуланы ашыңыз және пеллеттерді сәйкесінше шприцке себіңіз және оны шамамен 25 мл су және 5 мл ауамен толтырыңыз. Кейбір зондтар үшін, зондтың капсула түйіршіктерімен бітеліп қалуына жол бермеу мақсатында препаратты 50 мл ауыз суда сұйылту қажет болуы мүмкін. Түйіршіктер суспензияда біркелкі еруі үшін шприцтің ішіндегісін шамамен екі минут бойы шайқаңыз. Шприцті тігінен, ұштығын жоғары қаратып ұстап тұрып ұштығының өткізгіштігін тексеріңіз. Шприцті тігінен ұстап тұрып зондпен жалғаңыз. Шприцті сілкіңіз және оны ұштығын төмен қаратып төңкеріңіз. Зондқа дереу 5–10 мл ерітілген препаратты енгізіңіз. Енгізгеннен кейін шприцті төңкеріңіз және қайтадан сілкіңіз (ұштығы бітелмеуі үшін шприцті тігінен ұстау керек). Шприцті ұштықты төмен қаратып төңкеріңіз және зондқа тағы 5–10 мл препаратты енгізіңіз. Осы емшараны шприц босағанға дейін қайталаңыз. Шприцте препараттың бір бөлігі тұнба түрінде қалып қалған жағдайда, шприцке 25 мл су мен 5 мл ауа толтырыңыз және 5 тармақта сипатталған операцияларды қайталаңыз. Кейбір шприцтер үшін 50 мл су қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.