+484 бонус

ЭЛЬКАР 300 мг/мл 100 мл

9690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левокарнитин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Пик-Фарма ПРО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат: левокарнитин 300 мг, қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су
Қолданылуы
Элькар, ішуге арналған ерітінді, ересектер мен туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларда карнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығын емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
− левокарнитинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Тәуліктік пероральді доза жасына және салмағына байланысты. Ересектер және 12 жастан асқан балалар Ұсынылатын доза патологияның ауырлығына және дәрігердің қорытындысына байланысты тәулігіне 2 - 4 г құрайды. Талапқа сай дозаны анықтау үшін қан плазмасы мен несептегі бос және ацилді L-карнитин деңгейін өлшей отырып, терапияны бақылау ұсынылады. Карнитиннің бастапқы немесе салдарлы тапшылығы кезінде дозалау зат алмасудағы нақты туа біткен ауытқуларға және емдеу кезеңіндегі олардың айқындалу дәрежесіне байланысты. Көп жағдайда ұсынылатын пероральді доза күніне 2-4 қабылдауға бөлінетін 100-200 мг/кг құрайды. Егер клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер жақсармаса, дозаны қысқа мерзімді негізде арттыруға болады. Жоғары дозаларды сақтықпен және клиникалық және биохимиялық деректер дозаның жоғарылауы пайда әкеледі деп болжанатын жағдайларда ғана тағайындау керек. Жедел метаболизмдік декомпенсация кезінде күніне 400 мг/кг дейінгі жоғары дозалар керек немесе бұл жағдайда вена ішіне енгізу жолы қажет болуы мүмкін. Емнің ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына, қол жеткізілген емдік әсерге байланысты және дәрігер белгілейді. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің терминалды сатысы бар пациенттерде карнитиннің салдарлы тапшылығы кезінде күніне 1 г демеуші ем пероральді тағайындалады. Диабетпен ауыратын науқастар Глюкозаны қолдануды жақсартатын, инсулин немесе пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерге L-карнитинді тағайындау гипогликемия құбылыстарын тудыруы мүмкін. Сондықтан, бұл субъектілерде гипогликемиялық терапия қажет болған жағдайда жылдам түзету үшін қандағы глюкоза деңгейін үнемі тексеріп отыру қажет (Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары бөлімін қараңыз). Балалар Карнитиннің бастапқы немесе салдарлы тапшылығында дозасы зат алмасудағы нақты туа біткен ауытқуларға және олардың емдеу кезеңіндегі ауырлығына байланысты. Тәуліктік дозаны 2-4 қабылдауға бөлу ұсынылады. 0 жастан 2 жасқа дейінгі балалар: ұсынылатын доза тәулігіне дене салмағына 150 мг/кг құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: ұсынылатын доза тәулігіне 100 мг/кг дене салмағын құрайды 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: ұсынылатын доза тәулігіне дене салмағына 75 мг/кг құрайды. Егер клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер жақсармаса, дозаны қысқа мерзімді негізде арттыруға болады. Жоғары дозаларды сақтықпен және клиникалық және биохимиялық деректер дозаны арттырудың пайдасы бар екенін көрсететін жағдайларда ғана тағайындау керек. Енгізу әдісі мен жолы Тек пероральді қолдануға арналған. Ішке қабылдайды. Препаратты сұйылтпай ішуге немесе суытылған қайнаған сумен сұйылтуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.