+1397 бонус

ЭЛИКВИС 5 мг №60 таб

27955 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Апиксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: США
  • Өндіруші: Пфайзер Инк.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – апиксабан 2,5 мг немесе 5 мг, қосымша заттар – сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты. Қабықтың құрамы: 2,5 мг доза үшін – Опадрай® II сары (гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің сары тотығы бояғышы (Е 172)); 5 мг доза үшін - Опадрай® II қызғылт (гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің қызыл тотығы бояғышы (Е172)).
Қолданылуы
Эликвис ересектерде келесі жағдайларда қолданылады: NYHA бойынша (Нью-Йорк кардиология қауымдастығының жіктеуі бойынша) ФК ≥ II симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, 75 жас және одан жоғары жас, қант диабеті, алдыңғы инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) сияқты бір немесе бірнеше қауіп факторлары бар, жүрекшенің қақпақшалық емес фибрилляциясы (ЖҚЕФ) бар ересек пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы ұршық буынын немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден кейін ересек пациенттерде веналық тромбоэмболиялық асқынулардың (ВТА) профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
Эликвисті қабылдауға болмайды, егер: - әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - клиникалық айқын белсенді қан кету - бауыр ауруы коагулопатиямен және қан кетудің дамуының клиникалық маңызды қаупімен бірге - зақымдану ошағының немесе үлкен қан кетудің айқын қаупімен байланысты жағдайдың болуы, мысалы, қазіргі немесе жақын арада болған АІЖ ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі ісіктердің болуы, мидың немесе жұлынның жақында болған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақында жасалған операция, жақында болған бассүйекішілік қан кету, өңеш веналарының анықталған немесе күдікті варикозды кеңеюі, тамырлардың дамуының артерия-веналық ауытқулары, тамыр аневризмасы немесе ірі омыртқаішілік немесе ми тамырларының патологиялық жағдайы - орталық веналық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда ФГ енгізілетін, немесе жүрекшелер фибрилляциясына байланысты катетерлік абляция кезінде ФГ қолданылатын антикоагулянттармен емдеуге көшу жағдайларынан басқа, кез келген басқа антикоагулянтпен, мысалы фракцияланбаған гепаринмен (ФГ), төмен молекулалы гепариндермен (эноксапарин, далтепарин және т. б.), гепарин туындыларымен (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттармен (варфарин, ривароксабан, дабигатран және т. б.) бір мезгілде қолдану.
Дозасы
Дозалану режимі Ұршық буынын немесе тізе буынын эндопротездеуден кейін тромбтардың түзілуінің алдын алу үшін Ұсынылатын доза — Эликвистің 2,5 мг бір таблеткасынан тәулігіне 2 рет. Мысалы, біреуін таңертең және біреуін кешке. Бірінші таблетканы операциядан кейін 12-24 сағат ішінде қабылдау керек. Ұршық буынына ауқымды операция жасалған кезде Эликвис препаратын 32-38 күн бойы қабылдау қажет болады. Тізе буынына ауқымды операция жасалған кезде Эликвис препаратын 10-14 күн бойы қабылдау қажет болады. Жүрекшелер фибрилляциясы (жыпылықтағыш аритмия) және кем дегенде бір қосымша қауіп факторы бар пациенттерде жүректе тромбтардың түзілуін болдырмау үшін Ұсынылатын доза — Эликвистің 5 мг бір таблеткасынан тәулігіне 2 рет. Ұсынылатын доза Эликвистің 2,5 мг бір таблеткасынан тәулігіне 2 рет, егер: - бүйрек функциясының бұзылуының ауыр дәрежесі байқалса; - төменде көрсетілген жағдайлардың екі немесе одан да көбі байқалса: қан талдауының нәтижелері бүйрек функциясының төмендегенін көрсетеді (сарысулық креатинин мәні — 1,5 мг/дл (133 мкмоль/л) немесе одан жоғары); 80 жас немесе одан да үлкен; дене салмағы 60 кг немесе одан аз. Ұсынылатын доза — тәулігіне 2 рет бір таблетка, мысалы, таңертең бір таблетка және кешке бір таблетка. Емдеу ұзақтығы туралы шешімді дәрігер қабылдайды. Аяқтың веналарындағы тромбтарды және өкпенің қантамырларындағы тромбтарды емдеу үшін Ұсынылатын доза алғашқы 7 күн ішінде 5 мг Эликвистің тәулігіне 2 рет екі таблеткасын құрайды, мысалы, таңертең екі таблетка және кешке екі таблетка. 7 күн өткеннен кейін ұсынылатын доза 5 мг Эликвистің тәулігіне 2 рет бір таблеткасын құрайды, мысалы, таңертең бір таблетка және кешке бір таблетка. 6 айлық емдеу курсын аяқтағаннан кейін тромбтардың қайта түзілуін болдырмау үшін Ұсынылатын доза 2,5 мг Эликвистің тәулігіне 2 рет бір таблеткасын құрайды, мысалы, таңертең бір таблетка және кешке бір таблетка. Емдеу ұзақтығы туралы шешімді дәрігер қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.