+397 бонус

ЭЛИДЕЛ 1% 15 г крем

7940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пимекролимус
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: МЕДА Мануфакчуринг
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді зат - пимекролимус 10 мг, қосымша заттар: натрий гидроксиді, сусыз лимон қышқылы, бензил спирті, натрий цетостеарилсульфаты, моно- және диглицеридтер*, цетил спирті, стеарил спирті, пропиленгликоль, олеин спирті, орта тізбекті триглицеридтер, тазартылған су. * Бұл қосымша зат глицерин моностеараты ретінде белгілі
Қолданылуы
Егер жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеу дұрыс болмаса немесе мүмкін болмаса, жеңіл және орташа айқын атопиялық дерматиті бар 3 айлық және одан үлкен жастағы пациенттерді емдеу. Бұл мына кезде болуы мүмкін: - жергілікті кортикостероидтардың жақпаушылығы; - жергілікті кортикостероидтар әсерінің жеткіліксіздігі; - бет пен мойынға қолдану қажеттілігі, онда жергілікті кортикостероидтарды ұзақ мезгіл-мезгіл қолдану орынсыз болуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
- пимекролимусқа, басқа макролактамдарға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - 3 айға дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Элидел® препаратының жұқа қабатын зақымданған теріге күніне екі рет жағып, жеңіл қимылмен ақырындап теріге толығымен ысқылау керек. Зақымданған аймақтың әрқайсысын аурудың белгілері мен симптомдары жойылғанша пимекролимуспен өңдеу керек, содан кейін емдеуді тоқтату керек. Элидел® препаратын шырышты қабықты қоспағанда терінің барлық аймақтарына, оның ішінде бас, бет, мойын және интертригинозды аймақтарға (шап қатпарлары және гениталий аймақтары) қолдануға болады. Элидел® препаратын окклюзиялық таңғыштар астында қолдануға болмайды. Атопиялық дерматитті (экземаны) ұзақ мерзімді емдеу кезінде аурудың таралуын және одан әрі өршуін болдырмау үшін Элидел® препаратымен емдеуді атопиялық дерматиттің (экзема) алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде бастаған жөн. Элидел® препаратын күніне екі рет қолдану керек. Элидел® қолданғаннан кейін бірден жұмсартқыш дәрілерді қолдану керек. Балалар Ерте жастағы балалар (3 – 23 ай), балалар (2-11 жас) және жасөспірімдер (12-17 жас) үшін қолдану тәсілі мен дозалары ересектермен бірдей. Егде жастағы пациенттер 65 жастағы және одан үлкен пациенттерде атопиялық дерматит (экзема) сирек кездеседі. Элидел® препаратын зерттеу бойынша клиникалық зерттеулерде осы жас тобындағы пациенттердің саны олардың емге жауабының анағұрлым жастау пациенттердің жауабынан өзгеше екенін анықтау үшін жеткілікті болмаған. Енгізу әдісі мен жолы Элидел® препаратын терінің зақымдалған жерлеріне жұқа қабатпен жағу керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Элидел® препаратын күніне екі рет қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын аурудың сатысы мен ауырлығына байланысты дәрігер анықтайды. Элидел® препаратын атопиялық экземаның белгілері мен симптомдарын емдеу үшін қысқа мерзімді және ауру өршуінің профилактикасы үшін ұзақ уақыт бойы мезгіл-мезгіл қолдануға болады. Емді атопиялық дерматиттің алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде бастау керек. Элидел® препаратын атопиялық дерматитпен зақымданған аймақтарға ғана жағу керек. Пимекролимусты аурудың өршуі кезінде аз уақыт ішінде қолдану керек. Пациент немесе оған күтім жасайтын адам симптомдар жойылған кезде пимекролимус қолдануды тоқтатуы тиіс. Ем мезгіл-мезгіл, қысқа мерзімді және ұзақ емес болуы тиіс. Егер 6 аптадан кейін жақсару байқалмаса немесе жағдайы нашарлаған жағдайда Элидел® қолдануды тоқтату керек. Бұл ретте атопиялық дерматит диагнозын қайта бағалау және одан әрі терапиялық шараларды қарастыру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.