+143 бонус

ЭЛФУНАТ 50 мг/мл 2 мл №10 ампулы

2860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: World Medicine Ilac San. ve Tic. A.S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - этилметилгидроксипиридин сукцинаты 50 мг, қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препарат 18 жастан асқан ересектерде қолданылады: ми қан айналымының жедел бұзылуларында; бассүйек-ми жарақаттары және бассүйек-ми жарақаттарының салдарында; дисциркуляторлық энцефалопатияда (қан айналымының бұзылысы туындатқан ми жұмысының бұзылуы); мидың созылмалы ишемиясында (қан айналымының бұзылуы); вегетативті дистония синдромында (ішкі ағзалардың функцияларын басқаратын жүйкенің бұзылуынан туындаған жағдай); жеңіл (орташа) когнитивті бұзылыстарда (жадының, зейіннің және ақыл-ой қабілетінің төмендеуі); невроздық және невроз тәрізді жағдайлар аясындағы үрейлі бұзылыстарда; жедел миокард инфарктісінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында; әр түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукома (көзішілік қысымның жоғарылауы) кезінде, кешенді ем құрамында; невроз тәрізді және вегетативтік-қантамырлық бұзылыстардың басым болуымен алкоголизм кезінде абстиненттік синдромның (алкоголь тұтынуды күрт тоқтатқаннан кейін туындайтын шағымдар кешені) көріністерін жою үшін; психозға қарсы дәрілермен (психиатриялық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен) жедел уыттану (улану) кезінде; құрсақ қуысындағы жедел іріңді-қабынумен жүретін үдерістерінде (жедел некроздық панкреатитте, перитонитте) кешенді ем құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жедел бүйрек жеткіліксіздігі жедел бауыр жеткіліксіздігі жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препаратты пайдаланудың дозасы мен ұзақтығын дәрігер ауруға және оның ауырлық дәрежесіне байланысты таңдайды. Дәрігер препаратты пайдаланудың қажетті дозасы мен ұзақтығын белгілейді. Сонымен қатар, ауруды емдеу үшін бірнеше дәрілік затты пайдалану қажет болуы мүмкін. Ересек пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы тиіс. Препаратты әртүрлі көрсетілімдегі қолдану ерекшеленеді. Төменде препаратты әртүрлі ауруларға қолдану ерекшеліктері берілген. Ми қан айналымының жедел бұзылуларында Элфунат алғашқы 10-14 күнде 200-500 мг тәулігіне 2-4 рет вена ішіне тамшылатып (тамшылатқышпен), содан кейін бұлшықет ішіне 200-250 мг тәулігіне 2-3 рет 2 апта бойы қолданылады, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады. Бассүйек-ми жарақаты және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде Элфунат препараты 200-500 мг-ден тәулігіне 2-4 рет 10-15 күн бойы вена ішіне тамшылатып қолданылады, содан кейін препараттың таблетка түріне көшу ұсынылады. Декомпенсация фазасындағы дисциркуляторлық энцефалопатия кезінде Элфунат препаратын тәулігіне 1-2 рет 200-500 мг дозада вена ішіне 14 күн бойы сорғалатып (препаратты шприц арқылы енгізу) немесе тамшылатып тағайындау керек. Содан кейін келесі 2 апта бойы бұлшықет ішіне тәулігіне 100-250 мг, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады. Дисциркуляторлық энцефалопатияның курстық профилактикасы үшін Элфунат препараты бұлшықет ішіне 200-250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10-14 күн бойы енгізіледі, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады. Мидың созылмалы ишемиясы кезінде Элфунат препаратын тәулігіне 1 рет 10 мл (500 мг) вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне сорғалатып баяу 14 күн бойы енгізу керек, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады. Жеңіл (орташа) когнитивті бұзылыстарда Элфунат препаратын тәулігіне 1 рет 10 мл (500 мг) вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне сорғалатып баяу 14 күн бойы енгізу керек, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады. Үрейлі бұзылыстарда Элфунат препараты бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг тәуліктік дозада 14-30 күн бойы қолданылады, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады. Жедел миокард инфарктісі кезінде кешенді ем құрамында Элфунат препараты миокард инфарктісінің дәстүрлі емі аясында 14 тәулік ішінде вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізіледі. Кешенді ем құрамында түрлі сатылардағы ашық бұрышты глаукома кезінде Элфунат препаратын бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг, тәулігіне 1-3 рет 14 күн бойы енгізеді. Абстинентті алкогольдік синдром кезінде Элфунат препаратын 200-500 мг дозада вена ішіне тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 5-7 күн бойы енгізеді. Жедел уыттану кезінде психозға қарсы дәрілермен Элфунат препаратын вена ішіне тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді. Іш қуысының жедел іріңді-қабыну процестерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) Элфунат препараты операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде бірінші тәулікте тағайындалады. Енгізілетін дозалар аурудың түрі мен ауырлығына, процестің таралуына, клиникалық ағымы нұсқаларына байланысты. Препаратты тоқтату тұрақты оң клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана біртіндеп жүргізілуі тиіс. Жедел ісінген (интерстициальді) панкреатит кезінде Элфунат препаратын 200-500 мг күніне 3 рет, вена ішіне тамшылатып және бұлшықет ішіне тағайындайды. Ауырлық дәрежесі жеңіл некроздық панкреатит - 100-200 мг күніне 3 рет вена ішіне тамшылатып және бұлшықет ішіне. Орташа ауырлық дәрежесі – күніне 3 рет 200 мг-ден, вена ішіне тамшылатып. Ағымы ауыр – бірінші тәулікте 800 мг дозада, екі рет енгізу режимінде; одан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 200-500 мг күніне 2 рет. Ағымы өте ауыр – тәулігіне 800 мг бастапқы дозада шок көріністерін толық жоғалғанға дейін, тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 300-500 мг жағдайды тұрақтандыру бойынша күніне 2 рет вена ішіне тамшылатып (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде). Енгізу әдісі және жолы Препарат бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) енгізіледі. Инфузиялық енгізу әдісімен препаратты 100-150 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде сұйылту керек. Элфунат препараты 5-7 минут бойы баяу сорғалатып, минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен - тамшылатып енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.