+775 бонус

ЭЛЕВИТ ПРОНАТАЛЬ №100 таб Мультивитамины

15510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Поливитамины в комбинации с минеральными веществами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер Консьюмер Кэр АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: А дәрумені (ретинол пальмитаты) – 3600 ХБ, В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) – 1,6 мг, В2 дәрумені (рибофлавин) – 1,8 мг, РР дәрумені (никотинамид) – 19 мг, В5 дәрумені (кальций пантотенаты) – 10  мг, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) – 2,6 мг, биотин – 200 мкг, В9 дәрумені (фолий қышқылы) – 0,8 мг, В12 дәрумені (цианокобаламин) – 4 мкг, С дәрумені (аскорбин қышқылы) – 100 мг, D3 дәрумені (холекальциферол) – 500 ХБ, Е дәрумені (α-токоферол ацетаты) – 15  мг, кальций (сусыз кальций гидрофосфаты, кальций пантотенаты, кальций аскорбаты дигидраты түрінде) – 125  мг, мыс (сусыз мыс сульфаты түрінде) – 1 мг, темір (темір фумараты түрінде) – 60 мг, магний (жеңіл магний тотығы, магний гидрофосфаты тригидраты, магний стеараты түрінде) – 100 мг, марганец (марганец сульфаты моногидраты түрінде) – 1 мг, фосфор (сусыз кальций гидрофосфаты, магний гидрофосфаты тригидраты түрінде) – 125  мг, мырыш (мырыш сульфаты моногидраты түрінде) – 7,5 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, маннитол, макрогол 400, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, повидон К90, гипромеллоза, этилцеллюлоза сулы дисперсиясы, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
– жүктілікті жоспарлаған кезде, жүктілік кезеңінде және бала емізу кезеңінде гиповитаминоздың, авитаминоздың, минералды заттар жеткіліксіздігі профилактикасында және емдеуде – жүйке түтікшелері ақауының даму қаупін төмендетуде – жүктілік кезінде темір тапшылығы анемиясының және фолий қышқылының тапшылығымен байланысты анемия профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық. – А және/немесе D гипервитаминозы – А дәруменімен емдеу курсынан немесе изотретиноин мен этретинаттың синтетикалық изомерлерімен емдеу курсынан өткен пациенттер. Бета-каротин А дәруменінің көзі ретінде қарастырылады - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, галактоземиясы немесе глюкозогалактоза мальабсорбциясы бар адамдарға – бүйректің айқын жеткіліксіздігі – гиперкальциемия – айқын гиперкальциурия – темір мен мыс алмасуының бұзылуы.
Дозасы
Күніне бір таблеткадан мүмкіндігінше таңғы ас кезінде стақан сумен қабылдайды. Таңертең жүрек айныған жағдайда таблетканы түсте немесе кешке қабылдау керек. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Препараттың ұсынылған дозасы асырылмауы тиіс. Егер жүктілік ұзақ уақыт бойы болмаса, екі-үш айдан кейін дозаны екі есе азайтуға болады (жарты таблетка немесе күнара бір таблетка). Пациенттердің ерекше топтары Элевит Пронаталь жүктілікке дейін, жүктілік кезінде және одан кейін қолдануға арналған, сондықтан балаларға, жасөспірімдерге және қарт адамдарға арналған дозалау бойынша арнайы нұсқаулар қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты дәрігердің қадағалауымен сақтықпен қабылдау керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.