+221 бонус

ЭКЗОДЕРИЛ 10 мл раствор

4430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нафтифин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: Сандоз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 0.01 г нафтифин гидрохлориді; қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол 96%, тазартылған су.
Қолданылуы
Нафтифин ересектерде келесі тері инфекцияларын жергілікті емдеу үшін қолданылады: тері мен тері қатпарларының зеңдік инфекцияларында (Tinea corporis, Tinea inguinalis) қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарында (Tinea manuum, Tinea pedis) қол мен аяқ тырнақтарының зеңдік инфекцияларында (онихомикоздар) Pityriasis versicolor қоздырғышы туындатқан кебек тәрізді теміреткіде қабыну дерматомикоздары (қышынумен қатар немесе онсыз жүретін) Сонымен қатар, нафтифин кремді емдеуге ересектерде екінші қатардағы агент ретінде қолдануға болады: Candida туындатқан тері кандидозында
Қарсы көрсетілімдер
нафтифинге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық ашық жаралар беткейі
Дозасы
Қалпақшада орналасқан арнайы тамшылатқыштың немесе мақта тампонның көмегімен 2-3 тамшы ерітіндіні жағу қажет. Ерітінді тек терінің/тырнақтың зақымданған жерлеріне ғана емес, инфекцияның таралуын болдырмас үшін шектелетін бөліктеріне де жағу керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде нафтифиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Терінің зеңдік инфекциялары Ерітіндіні алдында тазалануы және мұқият құрғатылуы тиіс терінің зақымданған бөліктеріне күніне 1 рет жағады. Емдеу ұзақтығы: - тері мен тері қатпарларының зеңдік инфекцияларында – 4 аптаға дейін, - қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарында – 4-тен 8 аптаға дейін, - тері кандидозында – 4 апта, - кебек тәрізді теміреткіде – 2 аптаға дейін, - қабыну дерматомикоздарында – 2-4 апта. Клиникалық әсері, атап айтқанда қышынуы мен ашытуы жоғала бастаған соң, қайтадан жұқтырудан сақтану үшін емдеуді кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру керек. Егер 4 апта ішінде клиникалық жақсару байқалмаса, емдеуші дәрігерге хабарласып, емдік әдісті қайта қарау қажет. Қол мен аяқ тырнақтарының зеңдік инфекцияларында (онихомикоздар) Ерітіндіні алдында тазалануы, мұқият құрғатылуы және барынша қырқылуы тиіс тырнақ пластинасының зақымданған беткейіне күніне 2 рет жағады. Емдеу ұзақтығы тырнақ пластинасының өсу жылдамдығына қарай анықталады және тырнақ жаңадан өсіп шыққанша 3-тен 6 айға дейінді құрауы мүмкін. Экзодерил® ерітіндісін ауа өткізетін таңғыштың (бұласыр, бинт және т.б.) астына қолдануға болады, бірақ окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды. Көзге немесе шырышты қабаттарға нафтифин ерітіндісі жағудан аулақ болыңыз. Емделушілерге инфекцияның немесе қайта инфекцияның таралуын болдырмау үшін стандартты гигиеналық талаптар туралы хабарлау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.