+349 бонус

ЭКЗИФИН 250 мг №16 таб

6990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тербинафин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 281.310 мг тербинафин гидрохлориді – 250 мг тербинафинге баламалы қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 сорт), натрий крахмал гликоляты (А түрі), желатинделген крахмал, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Экзифин® препараты ересектерге арналған, Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T.mentagrophytes, T. verrucosum, T.violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum туындаған тері және тырнақтың зеңдік инфекцияларын емдеуге арналған. 1. Пероральді Экзифин® құрғақ теміреткіні емдеуге арналған (tinea corporis, tinea cruris және tinea pedis), зақымданудың орналасуы, инфекцияның айқындылығы мен таралуы кезінде пероральді емнің орындылығын анықтайды. 2. Пероральді Экзифин® онихомикозды емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың жедел немесе созылмалы аурулары
Дозасы
Ересектер. Тәулігіне 1 рет 250 мг ішке тағайындайды. Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты. Тері инфекциясы Ұсынылатын емдеу ұзақтығы: табан дерматомикозы (бақайаралық, табан/«мокасиндер» типті) 2-6 апта тегіс тері трихофитиясы 4 апта шап трихофитиясы 2-ден 4 аптаға дейін Онихомикоздар Көптеген пациенттер үшін емдеу ұзақтығы 6 аптадан 3 айға дейінді құрайды. Саусақтардың немесе бақайлардың (бас бармақтардан басқа) зақымданған кезде тырнақтың қалыпты өсу қарқыны бар жас пациенттерде емдеу мерзімі 3 айдан азды құрауы мүмкін. Тырнақ инфекцияларын емдеу үшін әдетте 3 ай жеткілікті, дегенмен кейбір пациенттер 6 ай немесе одан да ұзақ уақыт емді қажет етуі мүмкін. Емдеудің алғашқы апталарында тырнақтың нашар өсуі ұзақ емді қажет ететін пациенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тырнақ микоздары кезінде оңтайлы клиникалық әсер микологиялық сауығудан және емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше айдан кейін байқалады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Созылмалы немесе белсенді бауыр ауруы бар пациенттерге таблеткадағы Экзифин® препараты ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге таблеткадағы Экзифин® препаратын қолдану дұрыс зерттелмеген, сондықтан пациенттердің осы тобына ұсынылмайды. Балалар Маркетингтен кейінгі қолдануды зерттеу кезінде алынған, балаларға тербинафинді пероральді қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер балалардағы жағымсыз құбылыстардың бейіні ересектердікіне ұқсас екенін көрсетті. Ересек пациенттер арасында байқалғаннан гөрі жаңа, әдеттен тыс немесе ауыр реакциялардың пайда болуының дәлелі жоқ. Қазіргі уақытта препаратты балаларға қолдану бойынша деректер шектеулі, сондықтан оны пациенттердің осы жастағы санатына қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер (65 жас және одан асқан) үшін препараттың дозасын өзгерту қажет екендігі немесе олардың жас пациенттерден ерекшеленетін жағымсыз реакциялары бар екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Бұл жас тобында препаратты қолданған кезде бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылу мүмкіндігін ескеру керек. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткалар ішке сумен ішіп қабылданады. Оларды күн сайын бір уақытта қабылдаған жөн, аш қарынға немесе тамақтан кейін қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.