+80 бонус

ЭКЗИФИН 1% 10 г крем Тербинафин

1610 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тербинафин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г препарат құрамында белсенді зат - 10 мг тербинафин гидрохлориді қосымша заттар: цетил спирті, стеарил спирті, цетилпальмитат, бензил спирті, сорбитан моностеараты, изопропилмиристат, натрий гидроксиді, полисорбат - 60, тазартылған су.
Қолданылуы
Экзифин® кремі ересектер мен 12 жастан бастап және одан жоғары жастағы балаларда мыналарды емдеу үшін қолдануға арналған: Tinea pedis, Tinea corporis немесе Tinea cruris сияқты Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum Canis және Epidermophyton floccosum тектес дерматофиттерден туындаған дерматомикоз Pityrosporum orbiculare (сондай-ақ Malassezia furfur деген атпен белгілі) туындаған кебек тәрізді теміреткі (Tinea versicolor) негізінен Candida (мысалы, Candida albicans) тектес ашытқы зеңдерінен туындаған дерматомикоздар
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Кремді тәулігіне 1-2 рет жағылады. Ұсынылатын дозалау режимі және емдеу ұзақтығы: табан дерматомикозы (бақайаралық аймақ): күніне 1 рет 1 апта табан типіндегі табан дерматомикозы: күніне 2 рет 2 апта шап дерматомикозы, дененің тегіс терісінің микоздары: күніне 1 рет 1 апта Сandida тектес зеңдерден туындаған терінің зеңдік инфекциялары (тері кандидозы): күніне 1-2 рет 1-2 апта кебек тәрізді теміреткі: күніне 1-2 рет 2 апта Клиникалық көріністері айқындылығының азаюы әдетте емнің алғашқы күндерінде байқалады. Тұрақсыз қолдану немесе емді мерзімінен бұрын тоқтату аурудың қайталану қаупін арттырады. Егер ем басталғаннан кейін екі аптадан соң жақсару белгілері байқалмаса, диагноз верификациясы үшін дәрігермен кеңесу керек. Кремнің тиімділігі айқын онихомикозбен (тырнақтың зеңдік зақымдануымен) қатар жүретін табан дерматомикозы бар пациенттерде зерттелмеген. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Экзифин® препаратын жергілікті қолдану тәжірибесі балаларда әлі де шектеулі, сондықтан оны 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда кремді дозалау режимі жоғарыда айтылғандардан айырмашылығы жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Тек сыртқа қолдануға арналған Кремді жағар алдында зақымданған аймақты тазалау және құрғату керек. Кремді зақымданған теріге және айналысындағы аумағына жұқалап жағып, жеңіл ысқылайды. Базданумен қатар жүретін инфекциялар жағдайында (сүт безі астындағы, саусақ арасында, бөксе мен шап қатпарларында), крем жағылған жерді дәкемен (әсіресе түнде) жабуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.