+212 бонус

ЭКВАТОР 20 мг/10 мг №30 таб

4240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ОАО Гедеон Рихтер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 20,00 мг лизиноприл (21,76 мг лизиноприл дигидраты түрінде), 10,00 мг амлодипин (13,88 мг амлодипин бесилаты түрінде), қосымша заттар: магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза, 12 типі, микрокристалды целлюлоза, 101 типі
Қолданылуы
Ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін. Ұқсас дозалардағы лизиноприлмен және амлодипинмен біріктіріп емдеу аясында артериялық қысымы талапқа сай бақыланған ересек пациенттерді Экватор препаратына көшіруге болады.
Қарсы көрсетілімдер
Лизиноприлмен байланыстылары: - Лизиноприлге немесе АӨФ кез келген басқа тежегішіне аса жоғары сезімталдық. - Анамнездегі, АӨФ тежегіштерімен алдыңғы емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну. - Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну. - Жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрлері («Арнайы ескертулер» бөлімдерін қараңыз). Экватор препаратын қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде алискирен препараттарымен бір мезгілде қабылдауға болмайды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз). - Ангионевроздық ісіну қаупінің жоғары болуымен байланысты нейтралды эндопептидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен). («Арнайы ескертулер» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері» бөлімдерін де қараңыз). Амлодипинмен байланыстылары: - Амлодипинге немесе дигидропиридиннің кез келген басқа туындысына аса жоғары сезімталдық. - Айқын артериялық гипотензия. - Шок (соның ішінде, кардиогендік шок). - Сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (қолқа стенозының ауыр дәрежесі). - Жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүректің гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі. Экватор препаратымен байланысты: Жекелеген компоненттерін қолданумен байланысты жоғарыда көрсетілген қарсы көрсетілімдердің барлығы біріктірілген Экватор препаратына да қатысты. - Әсер етуші заттарға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. - 18 жасқа дейін. - Бала емізу кезеңі.
Дозасы
Ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір таблетка. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - бір таблетка. Әдетте, бекітілген дозалары бар біріктірілген препараттар бастапқы ем үшін жарамсыз. Экватор препараты тек, лизиноприл мен амлодипиннің таңдап алынған оңтайлы демеуші дозалары 20 мг және 10 мг құрайтын пациенттерге ғана қолданылады. Дозасын түзету қажет болған жағдайда, жекелеген компоненттерінің дозасын таңдаудың талапқа сай болатын-болмайтындығын қарастыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.