ЭКСАГИН №7 ваг. таб Комплекс

4280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Имидазола производных комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: HELBA Pharmaceuticals Inc. Co.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 750 мг метронидазол, 200 мг миконазол нитраты, 100 мг лидокаин гидрохлориді, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel рН 102), магний алюминий силикаты, натрий крахмалы гликолаты, маннитол/ кросповидон/ поливинил ацетаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
- Candida albicans туындатқан кандидозды вульвовагинит - Gardnerella vaginalis және анаэробты бактериялар туындатқан бактериялық вагиноз және аралас қынаптық инфекциялар
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - емдеу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде алкогольді тұтынатын пациенттер - емдеу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде дисульфирам тұтынатын пациенттер - жүктіліктің I триместрі, оның ішінде трихомонадты вагиниті бар жүкті әйелдер - бала емізу кезеңі - порфирия - эпилепсия - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Препаратты пайдаланар алдында дәрігермен кеңесу керек. Егер дәрігер басқаны ұсынбаса, 1 қынаптық таблеткадан 7 күн бойы түнде қынапқа терең енгізеді. Препаратты етеккір кезеңінде қолдану ұсынылмайды, өйткені оның тиімділігі төмендеуі немесе осы кезеңде оны пайдалануда қиындықтар пайда болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінде метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Сондықтан метронидазолдың дозасын төмендетудің қажеті жоқ, бірақ дозаны гемодиализ жүргізуді қажет ететін ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде түзету керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының күрделі бұзылулары кезінде метронидазол клиренсі төмендеуі мүмкін. Метронидазолдың үлкен дозалары энцефалопатия симптомдарын туындатуы мүмкін, сондықтан бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Бауыр энцефалопатиясынан зардап шегетін пациенттер үшін метронидазолдың күнделікті дозасы 1/3 дейін төмендетілуі тиіс. Бауыр функциясы төмендеген пациенттерде лидокаиннің жартылай шығарылу кезеңі екі немесе одан да көп есе артуы мүмкін. Бүйрек функциясының төмендеуі лидокаиннің фармакокинетикасына әсер етпейді, бірақ метаболиттердің жиналуын туындатуы мүмкін. Бұл ерекшеліктерді бауыр және/немесе бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге Эксагинді тағайындау кезінде ескеру қажет. Балалар Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындамаған жөн. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимі ересек пациенттермен бірдей. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды қынапқа терең жатқан күйде енгізу керек. Емдеу ұзақтығы Қайталанатын ауру немесе басқа емдеуге резистентті вагинит кезінде емдеу курсын 14 күнге дейін ұзарту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.