ЭГИЛОК 100 мг №60 таб

1560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 25 мг, 50 мг, 100 мг метопролол тартраты қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон (K-90), магний стеараты
Қолданылуы
артериялық гипертензияда (монотерапия ретінде немесе гипертензияға қарсы басқа препараттармен бірге) артериялық гипертензиясы бар пациенттердегі жүрек-қантамырлық және коронарлық аурулардан болатын өлімді (соның ішінде, кенеттен болатын өлімнің жиілігін) азайтады тұрақты және тұрақсыз стенокардияда (монотерапия ретінде немесе жүрек қыспасына қарсы басқа дәрілермен бірге, сондай-ақ, стенокардия ұстамаларының профилактикасы үшін) миокард инфарктісінен кейінгі екінші профилактика үшін (демеуші ем) жүрек ырғағының бұзылуларында (синустық тахикардияда, суправентрикулярлық тахикардияда, қарынша экстрасистолаларында) бас сақинасы ұстамаларының профилактикасы үшін жүрек қызметінің жүрек қағуымен қатар жүретін функционалдық бұзылуларында (соның ішінде, гипертиреоз кезінде).
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затына (метопрололға), басқа бета-адреноблокаторларға, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; артериялық гипотензия; II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (AV); жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі (өкпенің ісінуімен, гипоперфузиямен немесе гипотензиямен); клиникалық тұрғыдан елеулі синустық брадикардия; синустық түйін әлсіздігі синдромы; кардиогендік шок; шеткері қанайналымның айқын бұзылулары; жедел миокард инфарктісінде, егер: жүректің жиырылу жиілігі минутына 45 соғудан аз болса, P-Q аралығы 240 м/сек асса, систолалық артериялық қысым 100 мм сын.бақ. төмен болса. тұрақты түрде немесе мезгіл-мезгіл инотропты дәрілермен (β-агонистер) емдеуді қажет ететін пациенттер; верапамилді немесе кальций өзекшелерінің басқа ұқсас блокаторларын бір мезгілде вена ішіне енгізу; гангрена қаупі кезіндегі шеткері қантамырлардың ауыр аурулары; жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі; балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (клиникалық деректер санының жеткілікті болмауына байланысты).
Дозасы
Дозалану режимі Ұсынылатын дозалары: Артериялық гипертензия Ұсынылатын бастапқы дозасы - тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 25-50 мг. 1 немесе 2 рет қабылданатын тәулігіне 100-200 мг пациенттердің көпшілігіне қанағаттанарлық әсер береді. Бір реттік дозасы таңертең енгізіледі. Егер тәулігіне 200 мг қажетті әсер бермесе, дозаны қосымша арттыруға немесе Эгилокты гипертензияға қарсы басқа препараттармен, әсіресе диуретиктермен және дигидропиридин типті кальций антагонистерімен біріктіріп қолдануға болады. Стенокардия Ұсынылатын бастапқы дозасы - тәулігіне 2-3 рет 25-50 мг. Әдеттегі тәуліктік дозасы 2 рет қабылданатын тәулігіне 100-200 мг құрайды Клиникалық әсері жеткіліксіз болған жағдайда, дозаны арттыруға немесе Эгилок препаратын жүрек қыспасына қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолдануға болады. Миокард инфарктісінен кейінгі демеуші ем Ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 50-100 мг. Жүрек ырғағының бұзылулары Ұсынылатын бастапқы дозасы - тәулігіне 2-3 рет 25-50 мг. Әдеттегі тәуліктік дозасы 2-3 рет қабылданатын тәулігіне 100-200 мг құрайды және пациенттердің көпшілігінде қажетті әсер береді. Қажеттілігіне қарай, дозаны арттыруға болады Жүрек қызметінің жүрек қағуын сезінумен қатар жүретін функционалдық бұзылулары Ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 50 мг; қажет болған жағдайда оны біртіндеп тәулігіне 2 рет 100 мг дейін арттыруға болады. Гипертиреоз Дозаны жекелей таңдау керек. Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 3-4 рет 50 мг. Егер бастапқы дозасымен емдеудің 3-4 күнінен кейін ЖСЖ минутына 75 реттен көп болса, дозаны тәулігіне 3-4 рет 100 мг дейін арттыруға болады. Метопролол метаболизмі гипертиреоз кезінде біршама жоғарылайды, сондықтан әдеттегіден сәл жоғары доза қажет болуы мүмкін. Әдетте, метопролол емдеудің бастапқы кезеңінде адъювантты ем ретінде қолданылады. Бас сақинасы ұстамаларының профилактикасы Ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 50 мг; қажет болған жағдайда оны тәулігіне екі рет 100 мг дейін арттыруға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолданудың тәжірибесі шектеулі. Эгилок таблеталарын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде дозалау режимін өзгерту қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр циррозы бар пациенттерде метопрололдың қан плазмасы ақуыздарымен байланысуының төмендігіне (5-10%) байланысты, дозалау режимін түзету қажет емес. Препаратты бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерге (мысалы, циррозы бар, шунттау операциясын бастан өткерген пациенттерде) тағайындағанда, метопрололдың дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды аш қарынға қабылдау керек. Шамадан тыс брадикардияны болдырмау үшін, дозасын жекелей таңдайды. Сызығы тең екі дозаға бөлуге емес, тек жұтуға оңай болуы үшін сындыруға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.