ЭДАРБИ КЛО 40 мг/25 мг №28 таб

9955 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азилсартана медоксомил и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Хемофарм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетка 40 мг/12,5 мг құрамында белсенді заттар: калийдің азилсартан медоксомилі, 42.68 мг (40.0 мг азилсартан медоксомиліне баламалы), хлорталидон, 12.5 мг, қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, фумар қышқылы, натрий гидроксиді, гипролоза, кросповидон, магний стеараты, үлбірлі қабық: гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), макрогол 8000. Бір таблетка 40 мг/25 мг құрамында белсенді заттар: калийдің азилсартан медоксомилі, 42.68 мг (40.0 мг азилсартан медоксомиліне баламалы), хлорталидон, 25 мг, қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, фумар қышқылы, натрий гидроксиді, гипролоза, кросповидон, магний стеараты, үлбірлі қабық: гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), макрогол 8000.
Қолданылуы
Ересектердегі гипертензияны емдеу. Эдарби® Кло – бұл артериялық қысым деңгейі азилсартан медоксомилімен монотерапия арқылы талапқа сай бақыланбайтын ересек пациенттерді емдеуге арналған дозалардың бекітілген біріктірілімі.
Қарсы көрсетілімдер
азилсартан медоксомиліне немесе хлорталидонға, немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктілік және бала емізу кезеңі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ < 30 мл/мин/1,73 м2) анурия рефрактерлі гипонатриемия гиперкальциемия симптоматикалық гиперурикемия Эдарби® Кло препаратын қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ< 60 мл/мин /1,73 м2) бар пациенттерге құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Эдарби® 40 мг немесе Эдарби® 80 мг типті гипертензияға қарсы монотерапияны қолдану аясында артериялық қысым деңгейі талапқа сай бақыланбаған пациенттерде ұсынылған бастапқы доза тәулігіне бір рет 40 мг/12,5 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, доза тәулігіне бір рет ең жоғарысы 40 мг/25 мг дейін көтерілуі мүмкін. Әдетте, ең жоғары гипертензияға қарсы әсерге 1-2 апта ішінде қол жеткізіледі, ал ең жоғары әсерге 4 аптада қол жеткізіледі. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге Эдарби® Кло дозасын түзету қажет емес; жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғарылауы мүмкін егде (≥ 75 жас) жастағы пациенттерде қолданған кезде сақтық және мұқият медициналық бақылау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Хлорталидонды, Эдарби® Кло препаратының компонентін,  бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ< 30 мл/мин/1,73 м2) және ануриясы бар пациенттерде пайдалануға болмайды. Жақында бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде Эдарби® Кло препаратын қолдану тәжірибесі жоқ. Әлсіз/орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ ≥ 30 - < 90 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттер дозаны түзетуді қажет етпейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Хлорталидонды, Эдарби® Кло препаратының компонентін, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайдалануға болмайды. Бауырдың әлсіз/орташа айқын жеткіліксіздігі бар пациенттерде Эдарби® Кло препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі; алайда бауырдың әлсіз/орташа айқын жеткіліксіздігі бар пациенттер Эдарби® Кло препаратының бастапқы дозасын түзетуді қажет етпейді. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде тиазидтерді сақтықпен қолдану керек. Тиазидті диуретиктерді қолдану салдарынан су-электролит теңгерімінің шамалы өзгеруі бауыр комасының дамуына себеп болуы мүмкін. Мұқият бақылау ұсынылады. Айналымдағы сұйықтық көлемінің азаюы Айналымдағы сұйықтықтың немесе тұздың көлемі төмендеген пациенттерде (мысалы, құсу, диарея бар пациенттерде немесе диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде) Эдарби® Кло препаратын қолдануды тек көлемін түзеткеннен кейін мұқият медициналық қадағалаумен бастаған жөн. Айналымдағы сұйықтық көлемінің азаюы салдарынан өтпелі гипотензиялық реакция емдеуді жалғастыруға кедергі келтірмейді, әдетте, оны артериялық қысым мен айналымдағы сұйықтықтың көлемі тұрақтанғаннан кейін қиындықсыз жалғастыруға болады. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Артериялық гипертензиясы және іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақ болу керек, өйткені Эдарби® Кло препаратын бұл пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ. Негроидтық нәсілді пациенттер Әдетте «ренин деңгейі төмен» гипертензиясы бар және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) блокаторларына әлсіз реакциясы бар пациенттер ретінде сипатталатын африкалық-америкалық нәсілдегі пациенттер дозаны түзетуді қажет етпейді. Негроидтық нәсіл пациенттеріндегі Эдарби® Кло препаратының артериялық қысымға және қауіпсіздік бейініне әсері басқа нәсіл пациенттеріндегі әсерге ұқсас. Енгізу әдісі мен жолы Эдарби® Кло препараты пероральді қабылдауға арналған және тамақтануға қарамастан қолданылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.