+490 бонус

ЭДАРБИ 80 мг №28 таб

9800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азилсартана медоксомил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Хемофарм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 42,68 мг және 85,36 мг азилсартан медоксомил калий (40 мг және 80 мг азилсартан медоксомил бос қышқылына баламалы), қосымша заттар: маннитол (Е 421), фумар қышқылы, натрий гидроксиді, гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
Қолданылуы
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылулары (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) < 60 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерде Эдарби® алискиренмен бірге қолдану бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Ұсынылатын бастапқы доза күніне бір рет 40 мг құрайды. Дозаны төменірек дозаларында АҚ талапқа сай бақыланбайтын пациенттерде күніне бір рет ең жоғары 80 мг дозасына дейін арттыруға болады. Айқын әсері ем басталғаннан кейін 2 аптадан кейін байқалады және 4 аптаға дейін ең жоғарысына жетеді. Егер артериялық қысымды талапқа сай бақылауға Эдарби® препаратының көмегімен ғана қол жеткізу мүмкін болмаса, әсерді қосымша гипертензияға қарсы дәрілік заттарды, оның ішінде диуретиктерді (мысалы, хлорталидон және гидрохлортиазид) және кальций өзекшелері блокаторларын пайдалана отырып күшейтуге болады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер (65 жас және одан жоғары) Әдетте, егде жастағы пациенттерде Эдарби® препаратының бастапқы дозасын түзету талап етілмейді, алайда артериялық гипотензияның туындау қаупі бар егде жастағы (75 жас және одан асқан) пациенттер үшін препаратты бастапқы доза ретінде 20 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Бүйрек жеткіліксіздігі Эдарби® препаратын артериялық гипертензиясы бар және бүйрек функциясының елеулі бұзылуы және терминальді сатылы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені мұндай пациенттерді Эдарби® препаратымен емдеудің клиникалық тәжірибесі жоқ. Гемодиализ азилсартанды жүйелі қан ағымынан шығара алмайды. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаларды түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Эдарби® препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан оны осы топтағы пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі болғандықтан, емдеуді 20 мг дозадан бастау, сондай-ақ пациенттің жағдайын қатаң бақылау ұсынылады. Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі Эдарби® препаратын айналымдағы қан көлемінің әлеуетті төмендеуі немесе тұзы сарқылған пациенттерге (мысалы, құсу, диарея немесе диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерге) қатаң медициналық бақылау жағдайында ғана тағайындау керек. Сондай-ақ, емдеуді 20 мг дозадан бастау ұсынылады. Қара нәсілді пациенттер Ақ нәсілді пациенттермен салыстырғанда қара нәсілді пациенттер артериялық қысымның аз төмендеуі байқалғанына қарамастан, дозаны түзету қажет емес. Жалпы, бұл құбылыс ангиотензин II (AT1) рецепторларының басқа антагонистері мен ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштері жағдайында да байқалады. Осылайша, қара нәсілді пациенттерді емдеуде артериялық қысымды тиімді бақылау үшін Эдарби® препаратының дозасын арттыру және қосымша дәрілік заттарды қабылдау қажет болуы мүмкін. Балалар Эдарби® препаратын туғаннан бастап <18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі қазіргі уақытта анықталған жоқ. Деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Эдарби® препараты тамақ ішуге қарамастан, ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.