+313 бонус

ДЖЕС №28 таб

6270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дроспиренон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
24 белсенді таблетка: бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 0.020 мг этинилэстрадиол, 3.000 мг дроспиренон, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, үлбірлі қабық құрамы: ақшыл қызғылт лагы немесе баламалы гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (E171), темірдің қызыл тотығы (E172). Бір плацебо таблетканың құрамында қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (E171).
Қолданылуы
- оральді контрацепция Джес препаратын тағайындау туралы шешімді әйелдерде бар қауіп факторларын, атап айтқанда веналық тромбоэмболияны (ВТЭ) және басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен (БГК) салыстырғанда Джес препаратын қабылдау аясында веналық тромбоэмболияның даму қаупін бағалауды ескере отырып, жекелей тәртіпте қабылдау керек.
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормональді контрацептивтер келесі жай-күйлерде қолданылмауы тиіс. Егер біріктірілген гормональді контрацептив қабылдау аясында осы жай-күйлердің қандай да бірі алғаш рет дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс. веналық тромбоэмболия (ВТЭ) болуы немесе қаупі қазіргі уақыттағы (антикоагулянттық емді қабылдаумен) немесе анамнездегі (мысалы, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы) веналық тромбоэмболия вена тромбоэмболиясына тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік (мысалы, белсенділенген С протеиніне (Лейден V факторын қоса) төзімділік, антитромбин ІІІ, протеин С немесе протеин S тапшылығы) иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды хирургиялық араласулар көптеген қауіп факторлары салдарынан веналық тромбоэмболияның жоғары қаупі артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе қаупі қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболия (мысалы, миокард инфарктісі) немесе артериялық тромбоэмболия (мысалы, стенокардия) алдындағы жай-күйлер цереброваскулярлы бұзылулар – қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі инсульт немесе цереброваскулярлы бұзылулар алдындағы жай-күйлер (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл-ТИШ) тұқым қуалау себебінен болатын немесе жүре пайда болған артериялық тромбоэмболияға бейімділік (мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидке қарсы антиденелердің болуы: кардиолипинге антиденелер және жегілік антикоагулянт) анамнездегі ошақтық неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы көптеген қауіп факторлары немесе бір күрделі қауіп факторы салдарынан артериялық тромбоэмболияның жоғары даму қаупі, мысалы: тамыр асқынуларымен қант диабеті айқын артериялық гипертензия айқын дислипопротеинемия қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың ауыр аурулары (бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенше) ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі) анықталған гормонға тәуелді (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) қатерлі жаңа түзілімдер немесе олардан күдіктену қынаптан этиологиясы айқын емес қан кету препараттың белсенді затына немесе компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық Джес® құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир, глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревир бар дәрілік заттармен біріктірілген кезде қолдануға болмайды.
Дозасы
Джес® препаратын қалай қабылдау керек Джес® таблеткаларын қаптамада көрсетілген ретімен күн сайын белгілі бір уақытта аздаған су мөлшерімен ішке қабылдау керек. 28 күн бойы үзіліссіз тәулігіне бір таблеткадан қабылданады. Әр келесі қаптаманы қабылдау алдыңғы қаптамадан соңғы таблетканы қабылдаудан кейінгі келесі күні басталады. Тоқтату қан кетуі әдетте плацебо таблеткаларын (блистердің соңғы қатары) қабылдаудың 2-3-ші күні басталып, жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.