+245 бонус

ДЮФАСТОН 10 мг №20

4900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дидрогестерон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Эбботт Байолоджикалз Б.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 10 мг микрондалған дидрогестерон қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза (НРМС 2910), жүгері крахмалы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабығы: Опадрай Y-1-7000 ақ: (макрогол 400, гипромеллоза (НРМС 2910), титанның қостотығы (Е-171).
Қолданылуы
- етеккір оралымының бұзылуы - эндометриоз - дисменорея - лютеин жеткіліксіздігі салдарынан болатын бедеулік - қосымша репродуктивтік технологияларды (ҚРТ) қолданғанда лютеиндік фазаны демеу - прогестерон жеткіліксіздігі себебінен болатын түсік қаупі - прогестерон жеткіліксіздігі себебінен болатын үйреншікті түсік Эстрогендермен емдеуге қосымша ретінде жатыры зақымданбаған әйелдерде келесі жағдайларда циклдық режимде пайдалануға болады: - постменопауза кезеңіндегі эндометрий гиперплазиясының алдын алу үшін - жатырдан дисфункционалдық қан кету - салдарлы аменорея
Қарсы көрсетілімдер
- дидрогестеронға немесе басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - эстрогендер дидрогестерон сияқты прогестагендермен біріктіріп пайдаланылғанда, оларды қолдануға қарсы көрсетілімдерді ескеру керек - қосымша репродуктивтік технологияларды (ҚРТ) қолданған кезде, егер аборт/түсік диагнозы қойылса, лютеиндік фазаны демеу мақсатындағы емді тоқтату керек - қынаптан шығу тегі белгісіз қан кетулер - бауыр функциясының қазіргі сәттегі немесе анамнездегі ауыр бұзылуларында, бауыр тестілері қалыпқа түскенге дейін - прогестагенге немесе эстрогенге тәуелді қатерлі жаңа түзілімдер диагнозының анықталуы немесе күдік болуы. - менингиома немесе анамнезінде менингиома
Дозасы
Жүйесіз етеккір – циклдың 11-інші күнінен 25-інші күніне дейін күніне 1 таблеткадан (10 мг). Жүйелі 28 күндік циклға қол жеткізуге болады. Эндометриоз - циклдың 5-інші күнінен 25-інші күніне дейін немесе үздіксіз күніне 1-3 таблеткадан (10-30 мг). Күніне 1 таблеткасынан артық дозасын күні бойына бірнеше рет қабылдауға бөлу керек. Емдеуді ең жоғарғы дозасынан бастаған дұрыс. Дисменорея – циклдың 5-інші күнінен 25-інші күніне дейін күніне 1-2 таблеткадан (10-20 мг). Күніне 1 таблеткасынан артық дозасын күні бойына бірнеше рет қабылдауға бөлу керек. Емдеуді ең жоғарғы дозасынан бастаған дұрыс. Лютеин жеткіліксіздігі салдарынан болатын бедеулік – циклдың 14-інші күнінен 25-інші күніне дейін күніне 1 таблеткадан (10 мг). Емдеуді үздікіз, кемінде 6 бірізді цикл қатарынан жалғастыру керек. Жүктілік басталған жағдайда, алғашқы айлар ішінде емдеуді үйреншікті түсік кезінде ұсынылған кесте бойынша жалғастыру ұсынылады. Қосымша репродуктивтік технологияларды (ҚРТ) қолданған кезде лютеиндік фазаны демеу Күніне 3 рет Дюфастон 1 таблеткасы (тәулігіне 30 мг). Емдеуді ооциттер алынған күннен бастайды және жүктілік расталған жағдайда, 10 апта бойы жалғастырады. Прогестерон жеткіліксіздігі себебінен болатын түсік тастау қаупі – бастапқы дозасы: бір рет 4 таблеткасы (40 мг), содан соң симптомдары жойылғанға дейін әр 8 сағат сайын 1 таблеткадан (10 мг). Емдеуді ең жоғарғы дозасынан бастау керек. Емдеу кезінде симптомдары жалғасқан немесе қайталанған жағдайда, дозасын әр 8 сағат сайын 1 таблеткаға (10 мг) арттыру керек. Емдеуді симптомдары жойылғаннан кейін 1 апта бойы тиімді дозасында жалғастыру; содан соң біртіндеп төмендету керек. Кейіннен симптомдары қайталанған жағдайда, емдеуді бұрын қол жеткізілген тиімді дозасын қабылдау арқылы жалғастыру керек. Прогестерон жеткіліксіздігі себебінен болатын үйреншікті түсік тастау – жүктіліктің 20-сыншы аптасына дейін күніне 1 таблеткадан (10 мг); содан соң дозасын біртіндеп төмендетуге болады. Емдеуді ұрықтануға дейін бастаған дұрыс. Аборт қаупінің симптомдары туындаған жағдайда, емді осы көрсетілімге сәйкес жалғастыру керек. Жатырдан дисфункционалдық қан кетулер Қан кетуді тоқтату үшін - 5-7 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан (10 мг). Қан жоғалту бірнеше күн ішінде едәуір азаяды. Емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен соң, қарқынды түрде тоқтату қан кетуі орын алуы мүмкін. Пациент әйелге бұл туралы ескертілуі тиіс. Циклдың 11-інші күнінен 25-інші күніне дейін 1 таблеткасын (10 мг), қажет болған жағдайда, 2-3 цикл бойына эстрогендермен біріктіріп профилактикалық мақсатта тағайындау арқылы кейіннен қарқынды түрдегі қан кетудің алдын алуға болады. Содан кейін, циклдар жүйелілігінің қалпына келгендігіне көз жеткізу үшін, емдеуді тоқтатуға болады. Салдарлы аменорея – эндогендік немесе экзогендік эстрогендермен талапқа сай стимуляциялаудың нәтижесінде эндометрийдің секреторлық трансформациясына жету үшін циклдың 11-інші күнінен 25-інші күніне дейін күніне 1-2 таблеткадан (10-20 мг). Постменопауза кезеңінде эндометрий гиперплазиясының алдын алу үшін - эстрогендерді үздіксіз қабылдаумен біріктіріп – 28 күндік цикл шеңберінде қатарынан 14 күн бойы күніне 1-2 таблеткадан (10-20 мг). Күніне 2 таблеткасын қабылдау қажет болған жағдайда, дозасын екі қабылдауға бөледі. Дидрогестеронды қабылдағанда тоқтату қан кетуі болуы мүмкін. Эстрогендермен және прогестагендермен біріктіріп емдеуді гормондардың ең төменгі тиімді дозасын пайдаланғанда және емдеудің мақсаты мен әр әйел үшін қауіптілігі салыстырымды, анағұрлым қысқа курс бойына, қауіптері мен артықшылықтарын жүйелі түрде қайта бағалай отырып жүргізу керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Дидрогестеронды менархе басталғанға дейін қолдану туралы тиісті деректер жоқ. 12-18 жастағы жасөспірімдерде дидрогестеронның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.