+262 бонус

ДЮФАЛАК 667 г/л Сироп 500 мл

5245 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лактулоза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Эбботт Хелскеа Продактс Б.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - сұйық лактулоза 667 г/л.
Қолданылуы
іш қатуда (жуан ішектің физиологиялық ырғағын реттеу) медициналық мақсатта нәжістің жұмсаруын қажет ететін жағдайларда (геморрой, жуан ішек және перианальды аумаққа жасалған операциядан кейінгі жағдайлар) бауыр энцефалопатиясында (бауыр комасын немесе прекомасын емдеу және профилактикасы)
Қарсы көрсетілімдер
лактулозаға немесе кез келген басқа ингредиентке аса жоғары сезімталдық галактоземия ішек бітелісі, асқазан-ішек жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупі фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Іш қатуларды емдеу және медициналық мақсатта нәжісті жұмсарту үшін Дюфалак® препаратының тәуліктік дозасын бір рет қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады. Емді бастағаннан кейін бірнеше күннен соң бастапқы доза емдік әсеріне байланысты демеуші дозаға дейін түзетілуі керек. Емдік әсерін дамыту үшін 2-3 күн қажет болуы мүмкін. Дюфалак® препаратын бір реттік дозасы 15 мл құтыларда немесе пакеттерде: Жасы Бастапқы доза, күніне Демеуші доза, күніне Ересектер мен жасөспірімдер 15-45 мл (10-30 г лактулоза), бұл 1-3 стик-пакеттерге сәйкес келеді 15-30 мл (10-20 г лактулоза), бұл 1-2 стик-пакеттерге сәйкес келеді 7-14 жастағы балалар 15 мл (10 г лактулоза), бұл 1 стик-пакетке сәйкес келеді 10-15 мл (7-10 г лактулоза), бұл 1 стик-пакетке сәйкес келеді* 1-6 жастағы балалар 5-10 мл (3-7 г лактулоза) 5-10 мл (3-7 г лактулоза) 1 жасқа дейінгі сәбилер 5 мл дейін (3 г лактулозаға дейін) 5 мл дейін (3 г лактулозаға дейін) * Егер демеуші доза 15 мл-ден аз болса, Дюфалак® препаратын құтыда қолданған жөн. Бауыр комасын және прекоманы  емдеуде (тек ересектерге арналған): Бастапқы доза 30-45 мл-ден күніне 3-4 рет. Бұл доза күніне 2-3 рет жұмсақ нәжіс жүретіндей демеуші дозаға дейін түзетілуі керек. Нәжістің қышқылдығы рН 5.0-5.5 аралығында болуы ұсынылады. Ректальді енгізу үшін. Ауыр жағдайларда (кома алды немесе кома сатысы) Дюфалак® препараты бөгелетін клизма (300 мл Дюфалак®препараты/700 мл су) ретінде енгізілуі мүмкін. Бауыр энцефалопатиясы бар балалар Препараттың бауыр комасы және прекомасы бар балаларға (18 жасқа дейінгі) қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалануына қатысты арнайы ұсыныстар жоқ, өйткені лактулозаның жүйелі әсері  мардымсыз. Енгізу әдісі мен жолы Ішуге арналған. Дюфалак® препаратын құтыда қабылдаған кезде өлшеуіш қалпақшаны пайдалануға болады. Дюфалак® препаратын бір реттік дозасы 15 мл стик-пакеттерде қолданған кезде стик-пакеттің бұрышын жыртып, ішіндегісін бірден ішу қажет. Ректальді енгізу үшін. Клизма 30-60 минут бойы бөгеліп тұруы, дәрілік затты оральді қабылданғанша процедура әрбір 4-6 сағат сайын қайталануы керек. Балалар Бауыр комасы және прекомасы бар балаларда (0-18 жас) препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалануына қатысты арнайы ұсыныстар жоқ, өйткені лактулозаның жүйелі әсері  мардымсыз. Егер доза тым жоғары болса, мыналар орын алуы мүмкін: Симптомдары: іштің ауыруы және диарея. Емі: препаратты қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету. Диарея немесе құсудың нәтижесінде сұйықтықты көп жоғалту электролиттік теңгерімді түзетуді қажет етуі мүмкін. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз. ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар Емдеудің алғашқы күндері метеоризм болуы мүмкін. Әдетте, ол бірнеше күннен соң өтеді. Нұсқаулықта ұсынылғаннан аса жоғары дозаларда, іштің ауыруы және диарея дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дозаны төмендету қажет. Ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды қолданған жағдайда бауыр энцефалопатиясын емдегенде пациенттерде диарея салдарынан электролиттік теңгерімнің бұзылуы дамуы мүмкін. Өте жиі - диарея Жиі - метеоризм, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу Жиі емес - диарея салдарынан электролиттік теңгерімнің бұзылуы Жиілігі белгісіз - аса жоғары сезімталдық - бөртпе, терінің қышынуы, есекжем, эритема Препаратты балаларға қолданғанда ересектермен салыстырғанда қауіпсіздіктің ұқсас бейіні күтіледі. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.