+125 бонус

ДУОВИТ №40 драже Комплекс

2510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мультивитамины и другие минералы, включая комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Қызыл түсті 1 драженің құрамында белсенді заттар: Ретинол пальмитат (A дәрумені) концентраты (синтетикалық, майлы түрі) 1,7 млн ХБ/г (А дәруменіне баламалы) - 2,94 мг (5000 ӘБ) Холекальциферол концентраты (майлы түрі) 1 млн ХБ/г (Д3 дәруменіне баламалы) - 0,20 мг (200 ӘБ) Аскорбин қышқылы (С дәрумені) - 60,00 мг Тиамин нитраты (В1 дәрумені) - 1,00 мг Рибофлавин (В2 дәрумені) - 1,20 мг Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) - 2,00 мг Цианокобаламин 0,1 % маннитолда (В12 дәрумені) - 3,00 мг Никотинамид (РР дәрумені) - 13,00 мг Фолий қышқылы (В9 дәрумені) - 0,40 мг Кальций пантотенаты (В5 дәрумені) - 5,00 мг Альфа-токоферол ацетаты (Е дәрумені) - 10,00 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, апельсин майы 05073, полисорбат 80, глицерин, майсана майы (салқындатып сығылған), сорбитол, сұйық глюкоза (құрғақ зат), көбікке қарсы зат 1510, магний стеараты, *Опалюкс АS-F-2833G (E124 + E110), капол 600 фарма, сахароза
Қолданылуы
Дуовит® дәрумендер мен минералдар қажеттілігінің артуымен қатар жүретін жай-күйлерде профилактикалық дәрі ретінде қолданады: - жоғары дене және жүйке-психикалық жүктемесінде - спорттың белсенді түрлерімен айналысқанда - тұрақсыз, толыққанды емес тамақтану немесе бір текті тамақтану рационында - тағамның жеткіліксіз конверсиясында (егде адамдарда, темекі тартатын және алкоголді артық мөлшерде тұтынатын адамдар) - тамақтану тәртібінің дұрыс болмауында (ең бастысы, фаст-фудпен тамақтану, құрғақтай жеу, көпшілік асханаларында тамақтану кезінде) - тамақтанудың шектеулі тәртібінде (дене салмағының төмендеуі, диабет және т.б.) - жас көкөністер мен жемістер тапшылығы кезеңдерінде - ауруды өткергеннен кейінгі сауығу кезеңінде - минералдарды көп жоғалтқанда (құсу, диарея, етеккірдің қарқынды келуі, тердің көп бөлінуі)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер ететін затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - А және D гипервитаминозы - бүйрек жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер күніне 1 рет қызыл түсті 1 драже және көгілдір түсті 1 драже қабылдау ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Дуовит® дражесін таңертеңгі астан кейін қабылдау ұсынылады. Дражені судың аздаған мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұту керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы 1 айға дейін. Одан кейінгі емдеу үзілістен кейін (1 айдан 3 айға дейін) немесе дәрігердің ұсынымы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.