+307 бонус

ДУОПРОСТ 2,5 мл гл капли

6150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: латанопрост 0.05 мг, тимолол малеаты (тимололға шаққанда) 6.83 мг (5.00 мг); қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі немесе 1 М хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Дуопрост бета-адреноблокаторларды немесе простагландиндер аналогтарын жергілікті қолданған кезде жеткіліксіз реакция байқалатын ашық бұрышты глаукомасы және көз гипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысымды (КІҚ) төмендету үшін ересектерде (оның ішінде егде жастағы адамдарда ) қолдануға көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруы, ауыр ағымды өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ӨСОА) - синустық брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоатриальды блокада, функциялы электрокардиостимулятор болмаған кезде ІІ-ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок
Дозасы
Ересектер (соның ішінде егде жастағы адамдар) - тәулігіне бір рет зақымданған көз(дер)ге бір тамшыдан. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологиялық қолдануға арналған. Қолдану жөніндегі нұсқаулық: 1 сурет       2сурет               3 сурет 1. Қолыңызды жуып, отырған немесе тұрған күйі ыңғайлы қалыпта болыңыз. 2. Құтының қақпағын бұрап ашыңыз, таза бет жаққа қойыңыз. Қақпақты тастамаңыз. 3. 1 суретте көрсетілгендей, зақымданған көздің төменгі қабағын саусақтарыңызбен ақырын тартыңыз. 4. Құтының ұшын көзге тигізбестен, жақын ұстаңыз. 5. 2 суретте көрсетілгендей, көзге тек бір тамшыны тамызу үшін құтыны ақырын қысыңыз. 6. Төменгі қабақты жіберіп және көзді ақырын жабыңыз. 7. 3 суретте көрсетілгендей 2 минут бойына көздің ішкі бұрышының аймағын аздап басыңыз. (мұрын-көз жасы окклюзиясы). Бұл латанопрост пен тимололдың жүйелі қан ағымына түсуін азайтіп, жүйелік жағымсыз реакциялардың туындау ықтималдығын азайтуға көмектеседі. 8. Егер бұл сізге дәрігермен ұсынылған болса, ем шараны екінші көзге қайталаңыз. 9. Құтыны қолданғаннан кейін бірден жабыңыз. Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі Дуопрост препаратын әрдайым дәрігердің немесе фармацевттің нұсқауларына сәйкес қолдану керек. Жиі қолдану емдеу тиімділігі төмендетуі мүмкін болғандықтан, Дуопростты тәулігіне бір реттен артық қолдануға болмайды. Дуопрост препаратын басқа офтальмологиялық препаратпен бірге қолданған жағдайда қолдану арасында кемінде 5 мин аралық сақталады Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы емдеуші дәрігермен анықталады. Дуопрост препаратымен емдеу кезеңінде дәрігер жүрек-қантамыр жүйесіне қосымша тексеруді тағайындауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.