+191 бонус

ДУЛЬКОЛАКС ПИКО 0,0075 мг 30 мл капли

3820 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Натрия пикосульфат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ГЕРМАНИЯ
  • Өндіруші: A.Nattermann & Cie. GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 7,5 мг натрий пикосульфаты моногидраты, қосымша заттар: натрий бензоаты, сұйық сорбитол (кристалданбайтын), натрий цитраты дигидраты, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Препарат ересектерге, жасөспірімдерге, 4 жастан асқан балаларда қолдануға арналған - іш қату және ішектің босауына ықпал етуді қажет ететін жай-күйлерде (атониялық іш қату, нәжісті реттеу (геморрой, проктит, анустық сызат), хирургиялық операцияларға, аспапты және рентгенологиялық зерттеулерге дайындауда)
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді заттарына, басқа триарилметандарға немесе «Құрамы» бөлімінде көрсетілген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - илеус немесе ішектің бітелуі - болуы мүмкін жүрек айнуы мен құсумен байланысты (мысалы, аппендицит) ауыр ауырсыну және/немесе жедел қызба жай-күйлері абдоминальді ауыруымен - ішектің жедел қабыну аурулары - ауыр сусыздану - препарат компоненттерінің біріне тұқым қуалайтын жақпаушылық, оның ішінде фруктозаға тұқым қуалайтын жақпаушылығы («Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары» қараңыз) - 4 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
1 мл құрамында 7,5 мг (≈ 15 тамшы) Ересектерге: тәулігіне 10-18 тамшы (5-10 мг натрий пикосульфаты) 4 және одан асқан жастағы балалар: тәулігіне 5-9 тамшы (2,5-5 мг натрий пикосульфаты) Енгізу әдісі мен жолы Тамшылар пероральді қабылданады. Дульколакс® Пико препаратын кешке қабылдаған жөн. Препаратты қолданғаннан кейін дефекация шамамен 10-12 сағаттан кейін пайда болады. Дульколакс® Пико препаратын іш қатудың себебін анықтамай, тұрақты, күнделікті немесе ұзақ уақыт бойы қабылдауға болмайды. Тамшыларды сұйықтықпен бірге немесе онсыз қабылдауға болады. Емдеу ұзақтығы Дәрілік затты қабылдауды ең төменгі жеткілікті дозадан бастау ұсынылады. Қажетті нәтижеге жету үшін доза ең жоғары ұсынылатын дозаға дейін арттырылуы мүмкін. Ең жоғары ұсынылатын доза ересектерге 18 тамшы немесе 4 және одан асқан жастағы балаларға 9 тамшы. Ең жоғары ұсынылатын дозадан арттыруға болмайды. Емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.