+202 бонус

Дукресса капли глазные 5 мг/мл + 1 мг/мл 5 мл

4050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противоинфекционными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Santen AS
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 5,12 мг левофлоксацин гемигидраты 5,0 мг левофлоксацинге баламалы және 1,32 мг дексаметазон натрий фосфаты 1 мг дексаметазонға баламалы. қосымша заттар: 0,10 мг бензалконий хлориді, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий цитраты, натрий гидроксиді 1 М немесе хлорсутек қышқылы рН жеткізу үшін, инъекцияға арналған су 1 мл дейін.
Қолданылуы
- қабынудың профилактикасы және емдеу үшін, сондай-ақ ересектерде катарактаны алып тастау операциясымен байланысты инфекцияның профилактикасы үшін көрсетілген. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану туралы ресми ұсынымдарды ескеру қажет. Қолдану басталғанға дейін танысу қажет мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, дексаметазонға немесе басқа стероидтарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық герпестік кератит, желшешек және мөлдір қабықтың және конъюнктиваның басқа вирустық аурулары туберкулез микобактериясы, лепра микобактериясы немесе микобактерий авиум кешені сияқты қышқылға төзімді микобактериялардан туындаған көздің микобактериялық инфекциялары көздің зең аурулары көздің емделмеген іріңді инфекциясы.
Дозасы
Офтальмологиялық операциядан кейін конъюнктивалық қалтаға әр 6 сағат сайын бір тамшыдан. Емдеу ұзақтығы - 7 күн. Емдеу курсын үзуге болмайды. Бір дозаны өткізіп алған кезде емдеуді жоспарланғандай келесі дозадан бастап жалғастыру керек. Дукресса көзге тамызатын дәрісімен емнің бір аптасы аяқталғаннан кейін монотерапия ретінде кортикостероидты көзге тамызатын дәрілер қабылдауды жалғастыру қажеттілігін бағалау үшін пациентке қайта тексеру жүргізу ұсынылады. Бұл емдеудің ұзақтығы пациенттің қауіп факторларына және операцияның нәтижесіне байланысты болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығын дәрігер микроскопия деректері негізінде саңылау шамының көмегімен және клиникалық көріністің ауырлығына байланысты анықтауы керек. Стероидты көзге тамызатын дәрілермен одан әрі емдеу әдетте 2 аптадан аспауы тиіс. Дегенмен, емді мерзімінен бұрын тоқтатпау үшін абай болу керек. Пациенттердің ерекше топтары Балаларда қолдану 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Дукресса® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Дукресса® көзге тамызатын дәрісін 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттерде қолдану Ұсынылған дозаны түзету қажет емес. Бүйрек, бауыр функциясының бұзылуында қолдану Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан Дукресса® препаратын мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологиялық қолдану үшін. Дәрілік препараттың көз жасы жолдарына дренаждалуын болдырмау үшін көздің ішкі бұрышын басып тұрып, көздің сыртқы бұрышына бір тамшыдан тамызады. Пациенттер қолданар алдында қолдарын жуып, құтының ұштығын көзге немесе оның айналасындағы тіндерге тигізіп алмағандары жөн, өйткені бұл көздің жарақатына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, пациенттерге офтальмологиялық ерітінділер дұрыс қолданылмаса, көз инфекциясын тудыруы қабілетті қарапайым бактериялармен ластануы мүмкін екендігі жайында айтылуы керек. Ластанған ерітінділерді қолдану көздің ауыр зақымдалуына және кейіннен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Мұрын-лакримальді окклюзия көз жасы арналары арқылы жүйелік сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Көзге тамызатын басқа дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде инстилляциялар арасындағы аралық кемінде 15 минуттан кем болмауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.