+42 бонус

ДРОТАВЕРИНА Г/ХЛ 40 мг №50 таб

850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дротаверин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Ирбитский ХФЗ ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: дротаверин гидрохлориді (100 % затқа шаққанда) – 40 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты (сүтті қант), картоп крахмалы, повидон (медициналық төмен молекулалы поливинилпирролидон), магний стеараты, стеарин қышқылы, лимон қышқылы моногидраты.
Қолданылуы
- өт шығару жолдары ауруларындағы тегіс бұлшықеттер түйілуінде: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит - несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: нефролитиаз, уретеролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмдері Қосымша ем ретінде: - асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, гастрит, кардия мен асқазан қақпасының түйілуі, энтерит, колит, тітіркенген ішек синдромының спазмдық іш қату және метеоризм - бастың кернеп ауыруында - гинекологиялық аурулар кезінде: дисменорея.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (төмен жүректің лықсыту синдромы), II-III дәрежелі AV блокада - лактация кезеңі - галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактозаның сіңуінің бұзылуы - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге тәулігіне 2-3 рет 40-80 мг (1-2 таблетка). 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-3 рет 40 мг (1 таблетка). Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.