+12 бонус

ДРОТАВЕРИНА Г/ХЛ 40 мг №20 таб

240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дротаверин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 40 мг дротаверин гидрохлориді; қосымша заттар: лактоза моногидраты, тальк, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.
Қолданылуы
өт шығару жолдары ауруларындағы тегіс бұлшықеттер түйілулері: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолицистит, холангит, папиллит; несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілулері: нефролитиаз, уретеролитиаз, пиелит, цистит, қуық түйілулері. Қосымша ем ретінде: асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, гастрит, кардия мен асқазан қақпасының түйілуі, энтерит, колит, іш қатулармен спазмдық колит және метеоризммен тітіркенген ішек синдромы; бастың кернеп ауыруында; гинекологиялық ауруларда: дисменорея.
Қарсы көрсетілімдер
- дротаверинге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің төмен лықсыту синдромы); - лактация кезеңі; - галактозаны тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; - 6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын тәуліктік доза 120-240 мг (2-3 қабылдауға бөлінген). Балалар Балаларға арналған дротаверинді қолдану туралы клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ; егер дротаверинді енгізу қажет болса: - 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін: ең жоғары тәуліктік доза 80 мг болуы керек (2 қабылдауға бөлінген); - 12 жастан асқан балалар үшін: ең жоғары тәуліктік доза 160 мг құрауы тиіс (2-4 қабылдауға бөлінген). 6 жасқа дейінгі балаларға қатысты деректер жоқ. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Қатар жүретін аурулардың нашарлауын болдырмау үшін егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.