+111 бонус

ДРАМИНА 50 мг №10 табл

2230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аминоалкильные эфиры
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Ядран Галенский Лабораторий АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – дименгидринат, 50 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
Қолданылуы
- теңіз және әуе ауруы - вестибулярлық бұзылыс симптомдарының профилактикасы және емдеу (бас айналуы, жүрек айнуы, құсу) - Меньер ауруы
Қарсы көрсетілімдер
- дименгидринатқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - антигистаминді препараттарға жоғары сезімталдық - демікпенің жедел ұстамасы - жабық бұрышты глаукома - феохромоцитома - порфирия - құрысулар (эпилепсия, эклампсия) - клиникалық белгілерімен қуық асты безінің гиперплазиясы - жүктіліктің үшінші триместрі - 5 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға: қажет жағдайда 4-6 сағат сайын 1 – 2 таблетка (50 – 100 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза 8 таблеткадан (400 мг) аспауы тиіс. 5-тен 6 жасқа дейінгі балаларға: қажет жағдайда 6-8 сағат сайын 1/2 таблетка (25 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза 1.5 таблеткадан (75 мг) аспауы тиіс. 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: қажет жағдайда 6-8 сағат сайын 1/2 - 1 таблетка (25 - 50 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза 3 таблеткадан (150 мг) аспауы тиіс. Егде жастағы пациенттерге: әр 6 сағат сайын 1 таблетка (50 мг). Егде жастағы пациенттер препараттың антихолинергиялық әсеріне сезімтал келеді, сондықтан оны ұсынылған ең төмен дозада тағайындайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Жүрек айнуын, құсуды және/немесе теңіз немесе әуе ауруларымен байланысты бас айналуының профилактикасы үшін Драмина® препаратын жоспарланған сапардан 30 минут бұрын қабылдау керек. Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, тамақтан соң қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.