+623 бонус

ДОТАГИТА раствор для инъекций 279,32мг/мл 15мл №1

9:00-ден кейін қолжетімді
12465 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гадотеровая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО "Фармак"
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – 90,62 мг гадолиний тотығы, 202,46 мг тер қышқылы (DOTA), ол 279,32 мг (0,5 ммоль) гадотер қышқылына сәйкес келеді (бұл 376,92 мг меглюмин гадотератына сәйкес келеді). қосымша заттар: меглюмин, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Бұл препарат тек диагностикалық қолдануға арналған. Диагнозды контрастты күшейтусіз магнитті-резонанстық томография (МРТ) арқылы анықтау мүмкіндігі жоқ болғанда, Дотагита препаратын диагностика қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Диагностикаға арналған магнитті-резонанстық томография (МРТ): ми мен жұлынның патологияларын омыртқа патологияларын бүкіл организмнің басқа патологияларын (соның ішінде ангиография)
Қарсы көрсетілімдер
гадетор қышқылына, меглюминге, құрамында гадолиний бар кез келген дәрілік препаратқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Диагностикалық мақсаттар үшін жеткілікті контрастты қамтамасыз ететін ең төмен дозаны қолдану қажет. Доза пациенттің дене салмағының негізінде есептелуі тиіс. Бұл доза дене салмағының килограмына ұсынылған дозадан аспауы тиіс, бұл туралы осы бөлімде егжей-тегжейлі сипатталған. Ересектер, егде жастағы адамдарды қоса Ми мен жұлынның МРТ. Неврологиялық тексерулерде доза дене салмағына 0,1-ден 0,3 ммоль/кг дейін өзгеруі мүмкін, бұл дене салмағына 0,2-0,6 мл/кг сәйкес келеді. Бас миының ісіктері бар пациенттерге дене салмағына 0,1 ммоль/кг доза енгізгеннен кейін, дене салмағына 0,2 ммоль/кг қосымша доза ісіктің сипаттамаларын анықтауды жақсартуы және терапиялық шешімдерді қабылдауды жеңілдетуі мүмкін. Бүкіл дененің МРТ және ангиографиясы Венаішілік инъекцияға ұсынылатын доза диагноз қою үшін жеткілікті визуалауды қамтамасыз ету үшін дене салмағының 0,1 ммоль/кг (яғни дене салмағының 0,2 мл/кг) құрайды. Ангиография: ерекше жағдайларда (мысалы, кең тамырлы жердің қанағаттанарлық бейнелерін алуға қабілетсіздігі) екінші дәйекті инъекцияны 0,1 ммоль/кг дене салмағына енгізу ақталуы мүмкін, бұл 0,2 мл/кг дене салмағына тең. Алайда, егер ангиография басталғанға дейін Дотагита дәрілік препаратының 2 дәйекті дозасын пайдалану болжанса, онда визуализация үшін қолда бар жабдыққа байланысты әрбір жағдайда дене салмағына 0,05 ммоль/кг енгізу орынды болуы мүмкін, бұл дене салмағына 0,1 мл/кг баламалы. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ ≥ 30 мл/мин/ 1,73 м2) пациенттерде ересектерге арналған доза қолданылады. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (ШСЖ <30 мл/мин/ 1,73 м2), бауыр трансплантациясы операциясына дейінгі және одан кейінгі пациенттерге Дотагита препаратын қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін, сондай-ақ егер диагностикалық ақпарат маңызды болса, бірақ МРТ жүргізген кезде контрастсыз қолжетімсіз болса ғана қолдану керек. Дотагита препаратын қолдану қажет болған жағдайда доза дене салмағына 0,1 ммоль/кг аспауы тиіс. Сканерлеу кезінде бір дозадан артық қолдануға болмайды. Қайта енгізу туралы ақпараттың болмауына байланысты, егер инъекциялар арасындағы аралық 7 күннен аз болса, Дотагита препаратының инъекциясын қайталамау керек. Егде жастағы пациенттер (65 жастағы және одан асқан) Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Препаратты егде жастағы пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде ересектерге арналған дозаны қолданады. Алайда, әсіресе бауыр трансплантациясының периоперациялық кезеңінде сақтықпен қолдану ұсынылады. Балалар (0-18 жас) Ми мен жұлынның МРТ / Бүкіл дененің МРТ Гадотер қышқылының ұсынылатын ең жоғары дозасы дене салмағына 0,1 ммоль/кг құрайды. МРТ кезінде қосымша дозаны енгізуге болмайды. Гадотер қышқылы 18 жастағы балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің жеткіліксіздігіне байланысты ангиографияға ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.