+549 бонус

ДОСТИНЕКС 0,5 мг №8 таб

10980 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Каберголин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Пфайзер Италия С.р.л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 0,5 мг каберголин, қосымша заттар: сусыз лактоза, лейцин.
Қолданылуы
босанғаннан кейінгі физиологиялық лактацияны болдырмау үшін және босанғаннан кейін басталып кеткен лактацияны бәсеңдету үшін: босанулардан кейін анасы емшек емізгісі келмеген жағдайда, немесе егер, анасына немесе баласына медициналық көрсетілімдер бойынша емшек емізу қарсы көрсетілімді болса; шарана өлі туғаннан немесе аборттан кейін Достинекс® пролактин секрециясын басу арқылы физиологиялық лактацияны болдырмайды. аменорея, олигоменорея, ановуляция, галакторея сияқты, гиперпролактинемиямен байланысты бұзылуларды емдеу үшін - гипофиздің пролактин секрециялайтын аденомаларында (микро - және макропролактиномаларда); идиопатиялық гиперпролактинемияда немесе гиперпролактинемиямен астасқан "бос" түрік ертоқымы синдромында, бұлар жоғарыда аталған клиникалық жай-күйлерде шешуші патологиялар болып табылады.
Қарсы көрсетілімдер
каберголинге, қастауыш алкалоидтары деп аталатын ұқсас дәрілік заттарға, немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген осы дәрілік заттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия бар болса; өкпедегі, жүректегі немесе құрсақ қуысындағы фиброзданумен (тыртығы бар тіннің түзілуі) байланысты бастан өткерген аурулар; бұрын болған жүрек клапанының зақымдану ауруы немесе қазір де ұзақ уақыттан бері бар жүрек клапанының ауруы, жүрек клапандарының зақымдануымен фиброздану (тыртығы бар тіннің түзілуі) жағдайларын қоса; галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; жүктілік аясында дамыған артериялық гипертензия, мысалы, преэклампсия немесе босанғаннан кейінгі артериялық гипертензия; 16 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Дозалану режимі Пациент препаратты әрқашанда дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдауы қажет. Егер препаратты қабылдауға қатысты күмәндар пайда болса, емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет. Препараттың ұсынылатын дозалары төмнде көрсетілген. Сүт өндірілуін (лактацияны) болдырмау үшін: босанудан кейінгі алғашқы күндері Достинекс® препаратының 0,5 мг 2 таблеткасы. Емшек емізуді бастағаннан кейін сүт өндірілуін тоқтату үшін: Достинекс® 0,5 мг таблеткасының жартысын екі күн бойы әр 12 сағат сайын. Басқа аурулар кезінде (гиперпролактинемия) пролактиннің деңгейін төмендету үшін: әуелі 0,5 мг бір таблетканы тұтастай қабылдау немесе оны бір аптаның ішінде екі дозаға бөлу қажет (мысалы, жарты таблеткасын дүйсенбіде, ал екінші жарты таблетканы бейсенбіде). Содан соң дәрігер пациенттің симптомдарын бақылауға қажетті дозаны анықтау үшін дозаны бірте-бірте арттыруы мүмкін, ол аптасына 4,5 мг (Достинекс® 0,5 мг 9 таблеткасы) дейін жетуі мүмкін. Күніне 3 мг-ден (Достинекс® 0,5 мг 6 таблеткасы) артық қабылдамау керек. Енгізу әдісі және жолы Жағымсыз әсерлерінің айқындығын азайту үшін, Достинекс® таблеткаларын ішке, дұрысы тамақтан кейін қабылдаңыз. Таблетканы тұтастай, стақан сумен ішу арқылы жұтыңыз. Балалар мен жасөспірімдерде Достинексті® 16 жасқа дейінгі балалардың қабылдауы ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Препаратты егде жастағы пациенттерде қолдану туралы деректер өте шектеулі. Қазіргі уақытта спецификалық қауіптері белгісіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.