+46 бонус

DOSFARM МИРАКСИДИН -DF Антисептическое средство спрей 0.05% 50 мл

930 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Хлоргексидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: Досфарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 20% хлоргексидин диглюконаты  ерітіндісі - 0,0025 мл; қосымша зат - тазартылған су.
Қолданылуы
- оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу - стоматологияда (гингивит, стоматит, күлдіреуіктер, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңдерді, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында - инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін - қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін
Қарсы көрсетілімдер
- аллергиялық реакцияларға бейімділік - дерматиттер - хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы - 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Мираксидин-DF® 0.05% спрейін терінің немесе шырышты қабықтардың зақымданған бетіне тәулігіне 2-3 рет суландыру, апликация түрінде (1-3 минут экспозициямен) сыртқы және жергілікті профилактикалық және емдік дәрі ретінде қолданады: Ересектерге: - ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастарға операциядан кейін күтім жасағанда Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет суландыру түрінде тағайындайды - стоматитті, гингивитті, күлдіреуікті, пародонтитті, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына суландыру жүргізу немесе препаратқа малынған тампонмен апликация жүргізу қажет - тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған аймаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады - қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин-DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдану үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және сүртеді 3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге: - стоматитті, гингивитті, күлдіреуікті, пародонтитті, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет - тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған аймаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады - қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин-DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдану үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе оларды тампонмен дымқылдайды және сүртеді Емдеу ұзақтығы ауру сипатымен, оның айқындылығымен жүзеге асырылады және оны дәрігер белгілейді. Ауыз қуысының ауруларын емдеген кезде препаратты тамақ ішіп болғаннан кейін қолдану қажет. Мираксидин-DF® препаратын конънюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар Препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаған жағдайда емдейтін дәрігермен кеңесіңіз. Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар туындаса, дәрігермен кеңесу керек. Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес ғана қолданыңыз. ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар Жиі: - 3-5 мин бойы қол терісінің жабысқақ болуы Сирек: - терінің құрғауы және қышуы - дерматит - тістердің боялуы - тіс тастарының жиналып қалуы - дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде) Өте сирек: - аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі) - фотосенсибилизация Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.