+39 бонус

DOSFARM МИРАКСИДИН -DF Антисептическое средство Раствор 0.05% 100 мл

795 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Хлоргексидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Досфарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – хлоргексидин диглюконаты 20% ерітіндісі – 0,0025 мл; қосымша зат – тазартылған су.
Қолданылуы
оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу; стоматологияда (гингивит, стоматит, афта, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңді жараны, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында; инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін; қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін.
Қарсы көрсетілімдер
аллергиялық реакцияларға бейімділік; дерматиттер; хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы; 3 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
0,05 Мираксидин-DF® ерітіндісін ересектерге және 3 жастан асқан балаларға сыртқа және жергілікті бүрку, шаю және жапсыру түрінде профилактикалық және емдік дәрілер ретінде қолданылады (терінің немесе шырышты қабықтың зақымданған жеріне 5-10 мл жағады): ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде қолдануға тағайындайды. уретриттердің және уретропростатиттердің кешенді емінде Мираксидин- DF® уретраға күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден бүркеді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды. жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін Мираксидин- DF® жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану қажет. Препаратты қолданар алдында қуықты босатып алу қажет және гениталий аумағын сабынсыз жылы сумен өңдеу керек. Құтының ішіндегі затты қондырманың жәрдемімен еркектің (2-3 мл), әйелдердің (1-2 мл) несеп шығару өзекшесіне және қынапқа (5-10 мл) 2-3 минутқа енгізу керек. Санның, қасағаның, жыныс мүшелерінің ішкі бетінің терісін де өңдеу қажет. Емшарадан кейін 2 сағат бойы дәрет сындырмау керек. Әйелдерде қынаптық бүркіп-шаюға арналған 50 мл Мираксидин- DF® жиынтықтағы арнайы қондырмасы бар гофрланған құтыда шығарылады. Қолданар алдында ішінде дайын ерітіндісі бар құтының қақпағын арнайы қондырмаға алмастырып салып, қынапқа енгізеді және құтының түбін басу арқылы 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бойы бүркеді. 3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге: стоматит, гингивит, афта, парадонтит, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет; тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдегенде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған аумаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе онымен тампонды дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады; қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин-DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе тампонды дымқылдап, сүртеді. Емдеу ұзақтығы ауру сипатымен, оның айқындылығымен байланысты және оны дәрігер белгілейді. Ауыз қуысының ауруларын емдеген кезде препаратты тамақ ішіп болғаннан кейін қолдану қажет. Мираксидин - DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.