+259 бонус

ДОРЗОПТ ПЛЮС 20 мг/мл+5 мг/мл

5190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді заттар: дорзоламид гидрохлориді 22.26 мг (дорзоламидке шаққанда 20.00 мг) және тимолол малеаты 6.84 мг (тимололға шаққанда 5.00 мг); қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза (Natrosol 250 HX), лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, маннитол, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі немесе 1 М хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Бета-блокаторлармен жергілікті монотерапия тиімділігі жеткіліксіз болғанда ашық бұрышты глаукомасы немесе псевдоэксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде көзішілік қысым (КІҚ) жоғарылауында.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін немесе өкпенің ауыр созылмалы обструктивті ауруын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары - синустық брадикардия, синустық түйін дисфункциясының синдромы, синоатриалды блокада, кардиостимулятормен бақыланбайтын екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлы блокада, жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз - 8 жасқа дейінгі балалар Жоғарыда айтылғандар белсенді заттар туралы мәліметтерге негізделген және олардың біріктірілімі үшін бірегей өзгешелігі болып табылмайды.
Дозасы
Дорзопт Плюс препаратын зақымданған көздің (немесе көздердің) конъюнктивальді қалтасына күніне 2 рет 1 тамшыдан тамызу ұсынылады. Дорзопт Плюс препаратын басқа жергілікті пайдаланылатын офтальмологиялық препараттармен бірге қолданған жағдайда дәрілік препараттарды тамызу 10 минут аралықпен жүргізілуі тиіс.   Пациенттерге қолданар алдында қолдарын жуу және құтының ұштығын көзге немесе терінің қоршаған бөліктеріне тигізбеу керек екендігі жайында нұсқаулар берілуі тиіс. Сондай-ақ, пациенттер дұрыс емделмеген кезде көз ерітінділерінің көз инфекцияларын тудыратын қарапайым бактериялармен ластануы мүмкін екендігі туралы хабарлар болуы керек. Ластанған ерітінділерді қолдану көзге айтарлықтай зақым келтіруі және одан әрі көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін . Пациенттерге Дорзопт Плюс препаратының құтыларын дұрыс қолдану туралы айтылуы керек. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты қолдануды бастамас бұрын құтының мойнындағы алғашқы ашылуын бақылаудың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Дорсопт Плюсты қолданған сайын: Қолыңызды жуыңыз. Құтыны ашыңыз. Тамшышылатқыш құтының ұштығын көзге, көз айналасындағы теріге тигізбеңіз немесе саусақтарыңызбен ұстамаңыз. Басыңызды артқа шалқайтып, құтыны көздің үстіне төңкеріп ұстаңыз. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, жоғары қарай қараңыз. Құтыны ортасынан ұстап, абайлап қысыңыз және төменгі қабақ пен көздің арасындағы саңылауға бір тамшының түсуіне мүмкіндік беріңіз. Көз жасы-мұрын өзегін (көздің бұрышы) саусағыңызбен басыңыз немесе қабақты 2 минутқа жабыңыз. Бұл препараттың жүйелі сіңуін және жүйелі жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендетеді. Егер сіздің дәрігеріңіз тағайындаған болса, 3-5 тармақтарын басқа көзге де қайталаңыз. Қақпағын орнына қойып, құтыны нығыздап жабыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.