+309 бонус

ДОРЗАСОПТ 5 мл гл кап Дорзоламид/Тимолол

6190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ВЕЛИКОБРИТАНИЯ
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 22.25 мг дорзоламид гидрохлориді (20.00 мг дорзоламидке баламалы), тимолол малеаты 6.83 мг (5.00 мг тимололға баламалы); қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді, маннитол, бензалконий хлориді, 1М хлорсутек қышқылы, натрий гидроксидінің 1М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Жергілікті бета-блокатормен монотерапия жеткіліксіз болғанда ашық бұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде көзішілік жоғары қысымды емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- бір немесе екі белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) <30 мл/мин кем); - гиперхлоремиялық ацидоз; - синустық брадикардия; - синустық түйіннің әлсіздігі синдромы; - синоатриальды блокада; - кардиостимулятормен бақыланбайтын, II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада; - айқын жүрек жеткіліксіздігі; - кардиогенді шок; - бронх демікпесін қоса алғанда, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары (оның ішінде анамнезінде); - өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы; - 8 жасқа дейінгі балалар. Жоғарыда аталған әсерлер препараттың компоненттеріне байланысты және біріктірілім үшін спецификалық болып табылмайды.
Дозасы
Дорзасоптты зақымданған көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан тағайындайды. Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілерді бір мезгілде пайдаланған кезде инстилляциялар арасындағы аралық 10 минуттан кем болмауы тиіс. Балалар Балалардағы тиімділік анықталмаған. 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды емдеу кезіндегі қауіпсіздік туралы қолда бар ақпарат сипатталған. 2 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі анықталған жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Офтальмологияда тек жергілікті қолдануға арналған. Қолданар алдында қолды жуу керек. Құтының ішіндегісінің микробтық ластануына жол бермеу үшін тамызғыш ұшын қандай да бір беткейге тигізбеу керек. Пациенттерге дұрыс пайдаланбаған жағдайда көз ерітінділері бактериялармен контаминациялануы және көздің елеулі инфекциялық зақымдануына, әрі қарай көру қабілетінің төмендеуіне және көрмей қалуына себеп болуы мүмкін екенін ескерту қажет. Контейнердің көзге немесе оның айналасындағы тіндерге тиюіне жол беруге болмайды, себебі бұл көздің жарақатына әкелуі мүмкін. Дәрілік заттың жүйелі сіңірілуін шектеу үшін мұрын-көз жасы өзекшесінің окклюзиясы немесе қабақты 2 минутқа жабу ұсынылады. Нәтижесінде жүйелік жағымсыз реакциялардың даму қаупі төмендейді және жергілікті белсенділік артады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.