+111 бонус

ДОРЗАМЕД 2% 5 мл гл.капли

2220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дорзоламид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 22.25 мг дорзоламид (20.00 мг дорзоламидке баламалы), қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, маннитол, лимон қышқылы моногидраты, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Дорзамед: - бета-блокаторларға қосымша ем ретінде; - бета-блокаторлары тиімсіз немесе қолдануға болмайтын пациенттерде монотерапия ретінде көрсетілген. Мынадай жағдайларда жоғары көзішілік қысымды (КІҚ) емдеу кезінде: - көз гипертензиясы; - ашық бұрышты глаукома; - псевдоэксфолиативті глаукома.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Дорзоламидті қолдану ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) 30 мл/мин кем) немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелмеген. Дорзоламид пен оның метаболиттері негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, дорзоламидті бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды. - 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Монотерапия кезінде Дорзамедті тәулігіне 3 рет зақымданған көздің конъюнктивальді қабына 1 тамшыдан тағайындайды. Жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған бета-блокаторлармен біріктірілімде қосымша ем ретінде препаратты тәулігіне 2 рет зақымданған көздің конъюнктивальді қабына 1 тамшыдан тағайындайды. Дорзамед препаратымен емдеуге басқа офтальмологиялық глаукомаға қарсы препараттан өту кезінде ағымдағы қабылдауды тоқтатып, Дорзамед препаратын келесі тәулікте пайдалануды бастау керек. Басқа жергілікті офтальмологиялық құралдарды бір мезгілде пайдаланған кезде инстилляциялар арасындағы аралық 10 минуттан кем болмауы тиіс. Пациенттерді препаратты қолданар алдында қолдарын жуу қажеттігі туралы хабардар ету, құты тамызғышының көздің қабатымен немесе басқа қабаттармен жанасуын болдырмау керек. Сонымен қатар, пациенттерге дұрыс қолданбаған кезде көзге тамызатын дәрі көз инфекцияларын тудыратын қарапайым бактериялармен контаминациялануы мүмкін екендігі туралы хабарлау керек. Ластанған ерітінділерді қолдану көздің қауіпті ауруларына және нәтижесінде көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Пациенттерге құтыны дұрыс ұстау туралы нұсқау беру қажет. Балалар Дорзоламидті балаларда тәулігіне 3 реттік дозада қолдану туралы шектеулі клиникалық деректер бар.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.