+290 бонус

ДОРСОБ-Т 5 мл гл.кап

5810 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Фамар А.В.Е.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: 22,26 дорзоламид гидрохлориді (20,00 мг дорзоламидке баламалы), 6.83 мг тимолол малеаты (5,00 мг тимололға баламалы) қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, гидроксиэтилцеллюлоза (натрозол НХ 250), рН 5.65 дейінгі натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, бензалконий хлориді 50% ерітіндісі, рН 5,5-5,8 дейінгі натрий гидроксиді  1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
-бір препаратпен (бета-блокатормен) жергілікті емдеу тиімді болмаған кезде глаукомасы (ашық бұрышты немесе жалған эксфолиативті) бар пациенттерде жоғары көзішілік қысымды емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді / қосымша заттарына жоғары сезімталдық - бронх демікпесін (оның ішінде бұрын) қоса, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, тыныс алу жолдарының қабынуы мен тарылуы бар өкпенің ауыр созылмалы аурулары - жүректің сирек жиырылуы, электрокардиостимулятор болмаған кезде жүрек ырғағының бұзылуы (ІІ-ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада), клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі, ауыр жүрек ауруынан туындаған шок - бүйректің ауыр ауруы немесе қанның су-тұз құрамының бұзылуы (гиперхлоремиялық ацидоз) - 8 жастан кіші балалар - жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер (соның ішінде қарттар): зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан тамызады. Егер пациент бір мезгілде көзге арналған басқа дәрілік препараттарды қолданса, оларды кемінде 10 минут аралықпен қолдану қажет. Егер пациент бір мезгілде көзге арналған жақпамайын қолданса, онда оны соңғы кезекте жағу керек. Көзге тамызатын дәріні тамызар алдында жанаспалы линзаларды алу қажет, оларды тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайтадан тағуға болады. Препаратты қолданар алдында қолды жуып, пипетканы көзге және оны қоршаған тіндерге тікелей тигізбеу керек. Дұрыс қолданылмаған жағдайда, көзге тамызатын дәрі бактериялармен инфекцияланып, көздің күрделі қабыну аурулары дамиды, бұл өз алдына көру қабілеттілігінің жоғалуына алып келуі мүмкін. Көзге тамызатын дәріге арналған контейнерді сақтау және пайдалану ережелерін білген жөн. Қолдану жөніндегі нұсқаулық 1. Препаратты бірінші рет қолданар алдында құтының мойнындағы қорғаныс қабатын алу қажет. Жабық құты үшін құты мен қақпақ арасында шағын кеңістіктің болуына жол беріледі. 2. Құтының қақпағын да алып тастау керек. 3. Пациенттің басын артқа шалқайтып, көз бен қабақ арасында «қалта» түзілгенше астыңғы қабақты абайлап төмен тартыңыз 4. Құтыны төңкеріп, тамшы пайда болғанға дейін оған жеңіл басу және оны көзге тамызу қажет. Пипетканың таратқыш ұшы көзге немесе қабаққа тиіп кетпеуі керек. 5. Тамшыларды конъюнктивалық қалтаға тамызады, сонымен қатар препараттың мұрынның шырышты қабаты арқылы жүйелі сіңуіне жол бермеу және жергілікті әсерді күшейту үшін мұрын-көз арнасын саусақпен басу немесе тамызғаннан кейін 2-3 минутқа көзді жұму керек. Бұл ішкі ағзалар тарапынан жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығын азайтуға және препараттың жергілікті әсерін күшейтуге ықпал етеді. 6. Қажет болса, бұл процедураны екінші көзге де қайталаңыз. 7. Құтыны қолданғаннан кейін оны дереу қақпақпен жабу керек. Енгізу әдісі мен жолы Тек жергілікті қолдануға арналған, зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына тамызыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.