+161 бонус

ДОПРОКИН 10 мг №20 таб

3230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ВЕЛИКОБРИТАНИЯ
  • Өндіруші: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - домперидон (домперидон малеаты түрінде) 10 мг. қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200), повидон К25, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, тальк.
Қолданылуы
жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық - асқазан-ішектен қан кету, механикалық бітелу немесе тесілу, бұл кезде асқазан моторикасын стимуляциялау қауіпті болуы мүмкін - гипофиздің пролактин-секрециялайтын ісіктері (пролактинома) - бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесі - бүйрек жеткіліксіздігі - қазіргі уақытта немесе анамнезінде өткізгіштігі бұзылған пациенттер, атап айтқанда ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы - электролиттік теңгерімнің айқын бұзылулары немесе жүректің елеулі аурулары бар пациенттер (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) - QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен бірге қолдану - алынған деректер бойынша QT аралығының ұзаруын туындататын күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерін біріктіріп қолдану - артериялық гипертензияның ауыр көріністерінің даму қаупіне байланысты расталған немесе болжамды феохромоцитома.
Дозасы
Ересектер мен дене массасы 35 кг және одан жоғары 12 жастағы және одан асқан жасөспірімдер Допрокинді жүрек айнуы мен құсуды бақылау үшін қажет барынша қысқа уақыт аралығында ең аз тиімді дозада пайдалану керек. Дәрілік препаратты тамақ ішер алдында пероральді қабылдау ұсынылады. Тамақ ішкеннен кейін қабылдау препараттың сіңуін біршама баяулатады. Пациенттер әрбір дозаны белгіленген уақытта қабылдауға тырысуы керек. Жоспарланған дозаны өткізіп алған жағдайда, өткізіп алған дозаны қабылдамай, әдеттегі кесте бойынша қабылдауды қайта бастау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін дозаны қосарлап қабылдауға болмайды. Бір 10 мг таблеткадан күніне үш ретке дейін, ең жоғары доза күніне 30 мг Бауыр функциясының бұзылуы Допрокинді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды; орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ұлғайғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дәрілік затты көп рет пайдаланған кезде оның ауырлық дәрежесіне байланысты қабылдау жиілігі тәулігіне 1-2 реттен аспауы тиіс, сондай-ақ дәрілік заттың дозасын төмендету талап етілуі мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған Емдеу ұзақтығы Әдетте, препаратпен емдеудің барынша ұзақтығы бір аптадан аспауы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.